Анонс


Грузияның ұлттық музейінде «Беймәлім Қазақстан» атты көрме ашылды

Жексенбі, 31 Мамыр 2015 21:45
Грузияның ұлттық музейінде «Беймәлім Қазақстан» атты көрме ашылды KAZMUSEUM.KZ -  

Еліміздің кең байтақ әрі табиғаты әсем даласы 40-қа жуық қайталанбас суреттер арқылы грузиялық көрермендерге таныстырылды. Тбилисидегі ұлттық музей галереясында «Беймәлім Қазақстан» атауымен сурет көрмесі өткізілді.

Авторлар елдің барлық аймағын аралап шығып, сирек кездесетін кадрларды туындыларына арқау еткен.  Айта кетейік, бұл көрме Тұңғыш Президент қоры демеушілік ететін жобалар қатарына кірген. 2012 жылы фотографтардың шығармашылық жобаларына арнайы грант бөлінді. Соның нәтижесінде еліміздің тарихи-мәдени құндылықтары туралы әлем жұртшылығы кеңірек білетін болды.  Шараға өнерпаздар айрықша әр берді.  Жетіген, сыбызғы сынды аспаптар мен ұлттық әуендер шырқалды.  Аталған көрме бұрын Мәскеу және Будапешт қалаларында өткізілген еді. Енді жоба келер жылы Қытай астанасында жалғасатын болды. 

khabar.kz

2754 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper