Анонс


Түркия Президенті музей экспонаттарын өртеген лаңкестерді айыптады

Жұма, 27 Наурыз 2015 12:30
Түркия Президенті музей экспонаттарын өртеген лаңкестерді айыптады KAZMUSEUM.KZ -  

Стамбулда ашылған «Сөзден қаламға көшу» атты көрменің тұсаукесерінде Түркия Президенті Режеп Таип Ердоған музейдегі 8 мың шығарманы өртеп жіберген ИШИМ содырларын қатаң сынға алды. Бұл туралы Түркияның trt.net.tr сайты хабарлады.

«Аббас әулеті кезіндегі Бағдатта 36 кітапхана болды. Өкінішке қарай, бұл кітапханалардың барлығы Хұлағу қолбасшылық жасаған монғол әскері тарапынан өртеніп, жойылды. Бүгін болса Сирия мен Иракта лаңкестік шабуылдар жасайтын ИШИМ осы жағдайды қайталап отыр. Өркениетімізді, мәдениетімізді, тегімізді жоюға күш жұмсайтын бұндай лаңкес ұйымдарды айыптаймыз», - деді Ердоған.

Өркениет құндылықтарын өртеген лаңкестерді айыптаған Түркия басшысы музейдің адамзат мәдениетіндегі рөліне де тоқталып өтті.

«Өркениетіміз бұрыннан келе жатқан мұндай мәдени қырғындарға, жаппай жою саясаттарына қарамастан болмысын жалғастыруда. Музейлердегі тарихи шығармалар тек қана өнер туындысы ретінде емес, өркениет тұрғысынан болашақ үшін де маңызды», - деп атап өтті.

Айта өтейік, Стамбулда ашылған «Сөзден қаламға көшу» көрмесінде түрік-ислам өнерінің мықты шығармалары көпшілік назарына ұсынылды. Атап айтқанда, ежелгі және жаңа қолжазбаларға қоса 99 шығарма тұңғыш рет көрмеге қойылды.

2499 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper