Анонс


Ресейдің соңғы тақ мұрагеріне Франция премьер-министрі сыйлаған тарихи ойыншық көрмеге қойылды

Жұма, 27 Наурыз 2015 12:21
Ресейдің соңғы тақ мұрагеріне Франция премьер-министрі сыйлаған тарихи ойыншық көрмеге қойылды KAZMUSEUM.KZ -  

Ресей империясының соңғы патшасы Николай ІІ ұлы, тақ мұрагері Алексейдің XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жасалған өте сирек кездесетін қуыршақ театры Образцов атындағы Орталық қуыршақтар театрының музейіне қойылды, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі.
Образцов театры музейінің директоры Гордей Салтыковтың айтуынша, қуыршақ театрын патша отбасына 1914 жылы 9 шілдеде Санкт-Петерборға ресми сапармен келген Франция Премьер-министрі Раймон Пуанкаре сыйлаған болуы мүмкін. Бұл күні Николай ІІ күнделігіне: «111/2 Пуанкаре Аликс пен балаларға сыйлық әкелді» деп жазған.

Тағы бір болжам бойынша, шағын қуыршақ театрын Алексейге арнап жасаған болуы мүмкін. Себебі, қуыршақтар бейнесі Николай ІІ мен ханшайымға және Распутинге ұқсайды.

2628 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper