Анонс


Италияда 5 мың көне артефактты ұрлағандар ұсталды

Дүйсенбі, 26 Қаңтар 2015 06:00
Италияда 5 мың көне артефактты ұрлағандар ұсталды KAZMUSEUM.KZ -  

Италия полициясы ұрланған 5 мың көне римдік артефакт сақталған құпия орынды тапты, деп хабарлайды ВВС. Бұл ведомство тарихындағы ең ірі олжа болып есте қалмақ, деп жазады Bnews.kz агенттігі.

Табылған материалдық құндылықтардың арасында безендірілген вазалар, әсем фрескалар мен мүсіндер, зергерлік бұйымдар бар. Олардың жалпы құны 50 млн долларға бағалануда. 

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұрылар бұл жәдігерлерді сақтау үшін, кейіннен оны басқа елдерге сату үшін Швейцарияға жеткізген. 

Италия полициясы Тесей туралы дастанның негізгі оқиғалары бейнеленген атақты вазаның АҚШ-та заңсыз сатылғаны туралы хабарды естіп, швейцариялық әріптестерімен бірлесіп операция жүргізді. 

5575 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper