Анонс


Канада ұлттық музейіне ерекше жәдігер табысталды

Сейсенбі, 13 Қаңтар 2015 21:06
Канада ұлттық музейіне ерекше жәдігер табысталды KAZMUSEUM.KZ -  

Әлемдегі ең көне хоккей сырғытпа таяғы енді Канаданың ұлттық тарихи музейінде сақталмақ, деп хабарлайды 24kz тілшісі. 

Екі ғасырлық тарихы бар спорттық құрал жеке меншіктен 300 мың канадалық долларға сатылып алынды. 1830 жылдары қант үйеңкісінен жасалған таяқтың алғашқы иесі жаңазеландиялық Моффаттар отбасы болған. Қожайындары кейін оны канадалық шаштаразға сыйлап жіберіпті. Ол жерде тарихи раритет 20 жыл бойы қабырғада ілініп тұрып, 2000 жылдары жеке коллекционерлердің қолына өткен. Алайда музей қызметкерлері бұл сирек экспонатты келушілерге 2017 жылы Канада мемлекетінің 150 жылдық мерей тойында көрсетуді жоспарлап отыр.

6316 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper