Анонс


Майами көрмесінде Пикассоның жұмысы ұрланды

Дүйсенбі, 08 Желтоқсан 2014 11:41
Майами көрмесінде Пикассоның жұмысы ұрланды KAZMUSEUM.KZ -  

Испандық суретші әрі мүсінші Пабло Пикассоның қолымен жасалған күміс табақ Майами қаласында өткен «Арт Базель» заманауи өнер фестивалі кезінде ұрланған. Жоғалған бұйым 85 мың долларға бағаланады, деп хабарлайды Agence France-Presse агенттігіне сілтеме жасап inform.kz.

Полицияның ақпаратынша, ұрлық 5 желтоқсанның түнінде жасалды. Көрме залдары тәулік бойы күзетіледі, алайда бейнебақылау таспалары барлық нүктелерде орнатылмаған. Ұрлықты жасау сәті тіркелмеді.

Қылмыскерлер көрмеде одан да бағалы жәдігерліктер, соның ішінде құны 365 мың доллар тұратын қыш бұйымдары болғанымен, өздерімен бірге тек бір өнер туындысын ғана алып кетті.

Visage aux mains деп аталатын табақ Пикассоның 1956 жылы жасаған 20 күміс бұйымдарының бірі болып табылады.

Майамиде жыл сайын желтоқсанда өтетін «Арт Базель» фестивалінің аясында түрлі көрмелер, кештер және басқа да шаралар ұйымдастырылады. Осы жылы ол 4-7 желтоқсан аралығында өтуде. 

5697 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper