Анонс


Қырғыздың ұлттық жәдігері аукционда заңсыз сатылған

Жұма, 05 Желтоқсан 2014 20:26
Қырғыздың ұлттық жәдігері аукционда заңсыз сатылған KAZMUSEUM.KZ -  

Қырғызстанның өнер сарапшылары желтоқсанның 3-інде Лондонның "Сотбис" аукционында 242 мың 500 фунт стерлингке сатылған қырғыздың бесінші ғасырға жататын зергерлік бұйымдары елден рұқсатсыз шығарылған дейді. Бұл туралы «Азаттық» радиосы хабарлады. 

Бішкекте тұратын өнертанушы Дамира Алышбаеваның Азаттыққа айтуынша, құнды жәдігер елден заңсыз түрде шығарылған болуы мүмкін. Ол өткен жылы өзі мәдениет министрлігінде жұмыс істеп жүргенінде Словакиядан асылтастармен әшекейленген бұйымды бағалап беруді сұраған өтініш түскенін айтады. Алышбаева көне жәдігер "Қырғызстан музейлерінен ұрланбаған" дейді.

Көне жәдігердің Словакияда екені 2013 жылы белгілі болған. Сол кезде оның 19-ғасырдың соңында өмір сүрген қырғыз азаматының, кейін оның ұрпақтарының иелігінде болғаны айтылған. Көне жәдігерді кім сатқаны және оны кім сатып алғаны белгісіз.

5548 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper