Анонс


Кунсткамера музейі қазақтарға қатысты суреттерді жариялады (ФОТО)

Жұма, 10 Наурыз 2017 03:54
Кунсткамера музейі қазақтарға қатысты суреттерді жариялады (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Ресей Федерациясының «История Россия в фотографиях» жобасы қазақтар мен Орта Азияға қатысты фотосуреттерді жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Жарияланған фотосуреттер негізінен қазақтардың этнографиясына байланысты болып отыр.

«Киргизка. Туркестан. Конец XIX века» деп аталатын фотосурет.

«Казах Аслан-Бий. Туркестан. Вторая половина XIX века» деген атаумен жарияланған бұл сурет қазақ тарихындағы қандай «Аслан би» болды екен?!

«Солдаты-мусльмане за молитвой. 1916 год» деп аталатын суретте бөріктілер сәлде киген имамға ұйып, Құбылға бет түзеп жатыр.  

Мына «Девушка в свадебном костюме и головном уборе «саукеле». Казахи. 1899» деп аталатын фотосурет қазіргі күні Кунсткамера музейінің экспозициясында тұр.

Материалда қолданылған барлық суреттердің авторлық құқықтары Ресей Федерациясының Кунсткамера музейіне тиесілі.  Фотосуреттерді белгісіз суретшілер түсірген. 

 

Материалды қайта көшіріп басуға тек алғашқы абзацта kazmuseum.kz сайтына гиперсілтеме берген жағдайда ғана рұқсат етіледі. Басқа жағдайда және фотосуреттерді жеке көшіріп басуға болмайды. 

4900 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper