Анонс


Ұлттық музей «Sumukhwa Monologue» атты көрмеге шақырады Таңдаулы

Сәрсенбі, 01 Қыркүйек 2021 15:54
Ұлттық музей «Sumukhwa Monologue» атты көрмеге шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Корея Республикасы Елшілігінің Корей мәдени орталығы ұйымдастырған «Sumukhwa Monologue» атты корей кескіндемесі көрмесі 17 қазанға дейін жүмыс істейді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.       

Көрменің мақсаты – қазақстандықтарды Корей дәстүрлі сия кескіндеме өнерімен таныстыру және дәстүрлі кескіндеме техникасымен үйлескен заманауи элементті үлгідегі түрлі жұмыстарды ұсыну.             

Экспозицияда Кореяның Чолла-Намдо провинциясынан және Корея Республикасының басқа да өңірлерінен келген 28 танымал корей бейнелеу өнері шеберлерінің туындылары ұсынылады, онда табиғаттың әдемі көріністері көрсетіліп, әлемнің пайда болуы жаратылысының философиясы және т. б. тақырыптар қозғалады.        

Еске сала кетейік, ҚР Ұлттық музейіне кіру «Ashyq» мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.    

 

Анықтама ретінде: 

«Сумукхва» - бірегей корей материалдарында қара сия мен қылқаламды пайдалана отырып, Шығыс Азия бейнелеу өнері техникасында орындалған корей кескіндемесі. Әдетте «Сумукхва» кескіндеме туындылары деп – басқа түс қоспай-ақ, қара сиямен боялған туындыларды айтады.

«Сумукхва» кескіндемесінің ерекшеліктеріне келсек, ол қағаз бетіндегі сызықтар мен бос кеңістіктерге назар аудартады; жарық реңктері мен қара сия градациясы арқылы көрінеді; ішкі рухани әлемді көрсетеді. Сондай-ақ, сурет салу әдісіне сәйкес «Сумукхва» кескіндемесі үш түрге бөлінеді: қара сияны қолданудың түрлі градациясы арқылы бейнеленетін «Сумукхва», қара сиямен салынған, кейін басқа түстермен сәл боялған «Тамчехва» және қара сиямен салынып, жарқын түске боялған «Чесекхва».

133 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper