Анонс


Ә. Қастеев атындағы музей «Үндестік» атты көрмеге шақырады

Сейсенбі, 02 Шілде 2019 00:58
Ә. Қастеев атындағы музей «Үндестік» атты көрмеге шақырады KAZMUSEUM.KZ -  

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде 2019 жылғы 5 шілдеде сағат 16.00-де Қансейіт Қарлығаштың «Үндестік» атты жеке көрмесінің ашылуы болады. Экспозицияға автордың 30-дан аса жұмысы қойылады.

Табиғаттың сұлулығы, қазақ тұрмысының жанға жылылығы, балалық шақ тақырыбы Қарлығашты кескіндемелік композицияларды жасауға қанаттандырады. «Текелі», «Қызыл өлке», «Сайрам суы», «Таң» атты туындыларында туған өлкенің саф таза түсі берілген. «Ана», «Мәдина», «Балалық шақ», «Бақ ішінде», «Бір кесе су» жұмыстары күнделікті өмірдің қуаныш энергиясына толы. Қ. Қарлығаштың кескіндемесі әлемді өткен заманның образдары қазіргі заманмен еркін үйлесім табатын оның жеке өзінің қабылдауына негізделген. Кескіндемелердің түстік және композициялық шешімі, суреттелген бейнелерді техникалық беруге жасаған эксперименттері суретшінің өзінің дүниені сезінуін жарқын да ықшам мәнерде көрсетуге ұмтылатынын дәлелдейді. 

Қансейт Қарлығаш Ә. Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет мектебін тәмамдады. 1993 жылдан сол өзі оқып, түлеп ұшқан мектебінде сабақ береді. 1995 жылдан Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі. Қансейіт Қарлығаш − халықаралық, республикалық және қалалық көрмелердің қатысушысы.

Көрме 2019 жылғы 28 шілдеге дейін өтеді.

 

Гүлнұр ЖҰБАНОВА, көрме жетекшісі

2406 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper