Анонс


Түркиялықтар "Алтын адам" көрмесін ықыласпен қарсы алды (ФОТО)

Бейсенбі, 15 Қараша 2018 14:44
Түркиялықтар "Алтын адам" көрмесін ықыласпен қарсы алды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мемлекеттік орталық музейі ТҮРІКСОЙ Халықаралық ұйымының қолдауымен Түркияның Стамбул қаласындағы Түрік және ислам ескерткіштері музейінде «Ұлы даланың тарихи-мәдени келбеті» атты халықаралық көрмесін салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

 Көрме авторы - ҚР Орталық мемлекеттік музейінің директоры Нұрсан Әлімбай

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің бай коллекциясын паш ететін халықаралық көрменің ашылу салтанатына екі елдің мемлекет басшылары, атап айтсақ, Дүниежүзі қазақтарының жанынан құрылған «Отандастар» қорының президенті Нұртай Әбіқаев, Түркі тілдес елдер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы – Бағдат Әміреев, «ТҮРКСОЙ» түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының Бас хатшысы, профессор Дүйсен Қасейінов, Түрік Республикасы Президентінің бас кеңесшісі Хайдар Йылдыз, Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлысынды танымал тұлғалар қатысып, көрменің екі ел арасындағы мәдени байланыстың ары қарай дамуына, халықтар арасындағы достықтың нығаюына қосар үлесі зор екендігін атап өтті. Сондай-ақ, көрменің ашылуында Стамбул Мәдениет және туризм басқармасының директоры Гошкун Йылмаз, Түрік және Ислам ескерткіштері музейінің директоры Серажетдин Шахин де өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

 

Ежелгі көшпелілер мәдениеті және қазақ халқының тарихи-этнографиясы деп аталатын екі бөлімнен тұратын көрмеде: бүгінде Қазақстанның ұлттық игілігіне айналған, әлемдік мәдениет жауһарларының бірі – 1969 ж. Есік қорғанынан табылған Алтын Адам және ежелгі көшпелі халықтың алтын бұйымдары (сақтар мен үйсіндердің ғұрыптық заттары – шырағданның үш тағанды бөлігі, қазан, ғұрыптық ыдыстар, шырағдан), тарихи және көркемдік құндылығы теңдесіз жәдігерлер – XIX –XX ғғ. дәстүрлі киім үлгілері мен зергерлік өнер туындылары, тұрмыстық бұйымдар мен сәндік-қолданбалы өнер туындылары ұсынылып отыр.

Түркия жұртшылығының назарына ұсынылған көрмеге «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі де қатысты. Көрме Қазақстан Республикасы және Түрік Республикасы арасындағы халықаралық мәдени ынтымақтастығы аясында өткізіліп отыр.

Көрме 2018 жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасады.

13977 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper