Анонс


Абай музейіне Кенен ақынның мұраларын тарту етті

Дүйсенбі, 29 Маусым 2015 15:19
Абай музейіне Кенен ақынның мұраларын тарту етті KAZMUSEUM.KZ -  
Семейдегі Абай музейіне қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Кенен Әзірбаевтің ұрпағы Бақытжан Кененұлы музей қорына К.Әзірбаевқа қатысты мұраларды тарту етті. Бұл туралы музей әкімшілігінен хабарлады. 
Бақытжан Кененұлы музейге ақынның мүсінін, К.Әзірбаевтің өмірі мен мұрасына арналған кітаптар, CD дискілер, ақынның М.Әуезовке арнауы, фотоальбом және басқа құнды сыйлықтарды тарту етті.
Бүгінде музей қорына белгілі тұлғалар қолданған құнды жәдігерлерді, тарихи мұраларды тапсыру өз жалғасын табуда. Жәдігерлер музей қорын толықтыра түспек.
 
2299 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper