Анонс


Мәшһүр Жүсіп музейі жаңа жәдігермен толықты

Дүйсенбі, 26 Қаңтар 2015 06:00
Мәшһүр Жүсіп музейі жаңа жәдігермен толықты KAZMUSEUM.KZ -  

Таяуда Баянауыл ауданына қарасты Жаңажол ауылында орналасқан М.Ж.Көпеев музейі жаңа жәдігермен толықты. Ол – әулие Мәшһүр Жүсіптің осы уақытқа дейін сандық түбінде сақталып келген көне кенеп шалбары.

Әбден көнерген киім мамыр айында қа¬зақ¬¬тың шебер қызы, Астанадағы «Алтын орда» авторлық дизайн үйінің директоры Ырза Тұрсынзадаға тапсырылған көрінеді. Ырза Тұрсынзада оның тозған жерлерін кестелеп тігіп, алғашқы қалпына қайта келтірген. 

«Бұхар, Ташкент, Самарқант, Түркістанды, Бір түгіл, үш-төрт барып тамаша еттім», – деп жырлаған Мәшһүр бабамыздың бұл киімі шығыс шеберлерінің қолынан шыққан болуы бек мүмкін. Өйткені, шалбардың балағы түрлі-түсті гүлді кестемен көмкерілген. 

Бұл рухани жаңалыққа үн қосқан Баянауыл ау¬¬данының әкімі Нұрлан Күлжан: «Көрнекті ақын, тарихшы, этнограф, ағартушы, дала данасы, көріпкел, көсемсөзші, та¬б謬¬ғат¬танушы, мұ¬¬¬раттанушы ғұ¬¬-лама-хәкім – Мәш¬һүр Жүсіп Кө¬¬пейұлының өзі киген, тозығы жет¬кен киім¬ді дес¬телеп тоқып, кестелеп тігіп, алғаш¬қы қалпына қайта кел¬тіріп, өз ауылында рухани азық ошағы болып отырған музей жәдігерлерінің қатарына қосып, көрермен қауымды ғасыр әуенімен үндестіргендей үл¬кен еңбек жасаған Ырза Тұрсынзадақызына алғысымды білдіремін», – деді. 

Жәдігерді қайта қалпына келтіруге мұ¬рын¬¬дық болған академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауылдағы мемориалдық музейінің басшысы Үміт Сағымбекова болса дизайнердің аталмыш еңбекті ақы-пұлсыз атқарғанын атап өтті.

Болашақта жәдігерді жұртшылық Жа¬ңа¬жолдағы М.Ж.Көпеев музейінен тама¬ша¬лайтын болады, – дейді Үміт Сапарбек¬қызы.

6380 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper