Анонс


БҚО музейі жеке коллекционерлерге арналған жобаны қолға алды

Сәрсенбі, 15 Наурыз 2017 02:35
БҚО музейі жеке коллекционерлерге арналған жобаны қолға алды KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстан облыстық тариxи - өлкетану музейінде «Ел іші - өнер кеніші» атты жобаның ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Жеке коллекционерлер мен қолөнер шеберлерінің туындыларын облыс қонақтарымен тұрғындарының назарына ұсынып, Ақ Жайықтың қолөнер шеберлерінің әлеуетін әйгілеу, он саусағынан өнер тамған ісмер жандардың туындыларын көпшілік назарына ұсыну арқылы ниеті барларына өз ісін кәсіпке айналдыруға түрткі болу, жас ұрпақты құнды заттардың қадірін біліп, оны бағалауға, қастерлеуге үйретуді мақсат еткен бұл жоба аясында «Көкейімде бар әлем» , «От рукоделия к бизнесу» атты көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеге «Текемет» көркемөнер галереясы, «Ғибадат» ЖШС-нің жетекшісі Біржан Қожақов, «Марфуға» тігін цехы, домбыра жасаушы Асылан Серікбаев, «Хозяйка медной горы» клубының қолөнер шеберлері қатысады.

Шараға ақын Ақұштап Бақтыгерейқызы, ардагер журналист Тиxон Әліпқалиұлы, өлкетанушы Сара Есқайырқызы, ардагер ұстаз Меруерт Жолдықайырқызы, зейнеткер Клара Бақытқалиқызы  және «Ару аналар» ансамблі , қолөнер шеберлері мен студенттер қатысты. Шараны ақшан облыстық музей директоры Мирболат Ерсаев жиналған қонақтарды Көрісу мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар жобаға қатысушы барша қолөнер шеберлеріне алғыс xат пен гүл шоқтарын табыстады.

Шара барысында Ақұштап Бақтыгерейқызы, Сара Есқайырқызы, Меруерт Жолдықайырқызы тілектерін білдірді. Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әртістерінің өнері, музей қызметкерлері дайындаған көрініс шараны одан әрі әрлендіре түсті. Сондай-ақ "Ару аналар" ансамблі ән шырқап, жиналған қонақтарға көже мен бауырсақ ұсынылды. Шарадан соң жиналған қауым көрме залына өтіп, көрмені тамашалады.

Облыстық тариxи-өлкетану музейінің көрме залында ай сайын қолөнер шеберлерінің шығармашылық туындыларымен жаңарып отыратын бұл жоба 22 желтоқсанға дейін жалғасады. 

3266 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper