Реэкспозицияға байланысты Ақмола облыстық музейі жабылады

Жұма, 08 Ақпан 2019 17:43
Реэкспозицияға байланысты Ақмола облыстық музейі жабылады KAZMUSEUM.KZ -  

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі реэкспозиция жұмыстарына байланысты уақытша жабылады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

«Құрметті достар! 2019 жылдың 1 наурызынан бастап алдағы реэкспозицияға байланысты біздің музей келушілер үшін жабық болатыны жайлы ақпараттандырамыз. Музейдің ашылар күні жайлы ақпаратты akmomuzey.kz ресми сайтымыздан немесе Facebook және Instagram парақшаларынан біле аласыздар. Туындалған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, дегенмен, музей өз жұмысын жылжымалы көрмелер, дәрістер, музей сабақтары, виртуалдық экскурсиялар арқылы жүзеге асырады», - делінген хабарламада.

Музей қайта ашылатын кезде kazmuseum.kz сайты да ақпарат тарататын болады.

231 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper