Анонс


Музей ісіне қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізілді Таңдаулы

Сейсенбі, 17 Қараша 2015 15:14
Музей ісіне қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізілді KAZMUSEUM.KZ -  

Музей ісі және тарихи мұраларға қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізілді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет және тарихи-мәдени мұра мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы қабылданды.

Заңға енгізілген өзгерістер құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді анықтау және ел мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту, тарату және қолдану саласындағы мемлекеттік саясат, ең алдымен, заңнамалық базаның кешендік сарапталуы мен жетілдірілуін қамтамасыз етуді талап етеді.

Заңның мақсаты тарихи-мәдени мұра, цирк және театралдық өнер, музей және кітапхана ісі, сонымен қатар архив ісі бойынша қолданыстағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Сондай-ақ, заң тарихи-мәдени мұра мәселелерін, соның ішінде Қазақстан Республикасы аумағында жаңа ғимараттар мен монументтерді орнату, мемлекеттік меншік болып табылатын тарихи-мәдени мұра объектілеріне қатысты республикалық және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін ажырату мәселелеріне де бағытталған.

Заң жобасын жасақтау барысында мәдениет және тарихи-мәдени мұра саласындағы мәселелерді нормативтік реттеу бойынша халықаралық, соның ішінде ТМД елдерінің тәжірибесі қолданылды.

Брифингке ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ғалым Ахмедьяров, ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің орынбасары Күміс Сейітова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Астана циркінің бас директоры Ерік Жолжақсынов қатысты.

Өзгерістердің толық мәтінін баспасөзден оқи аласыздар. 

 

3009 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper