Анонс


«Үздік экскурсия жетекшісі – 2020» байқауының жеңімпаздары анықталды Таңдаулы

Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2020 01:43
«Үздік экскурсия жетекшісі – 2020» байқауының жеңімпаздары анықталды KAZMUSEUM.KZ -  

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай, музейлердің ағартушылық жұмыстарын жандандыру, экскурсиялық қызмет көрсетудің тиімділігі мен сапасын арттыру, музей кәсібінің беделін арттыру мақсатында және музейдің 100 жылдығына арнап, «Үздік экскурсия жетекшісі – 2020» облыстық онлайн-байқауын өткізді.

Байқау мақсаты – музей кәсібінің беделін арттыру, экскурсия жүргізу әдістерін қолдануды кеңейту, экскурсиялық теория білімін тереңдету, музей қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, музей қызметін насихаттау, музейге келушілерді тарту мәселесін шешуге бағытталған мәдени-білім беру жұмысының инновациялық түрлерін енгізу және жандандыруға ықпал ету және облыс музейлерінің қызметіне қоғам назарын аудару.

Байқауға облыстың 9 музейінің экскурсоводтары қатысты: Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі, Көкшетау қаласының тарихы музейі, Мәлік Ғабдуллин музейі, Көкшетау қаласының әдебиет және өнер музейі, Атбасар тарихи-өлкетану музейі, І.Есенберлиннің әдеби музейі (Атбасар қаласы), Степногор тарихи-өлкетану музейі, Маринов тарихи-өлкетану музейі (Атбасар ауданы), Бурабай тарихи-өлкетану музейі.

Қатысушылар негізгі міндеті - экскурсиялық қызметтен бөлек өңіріміздің мәдени іс-шараларына белсенді қатысып, жоғары бағаға ие болып жүрген қызметкерлер: (Біләлова Айым Бекжанқызы - Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Көкшетау қаласының тарихы музейінің экскурсиялық-көпшілік жұмыстар бөлімінің меңгерушісі (Көкшетау қ.), Кузьменко Юлия Андреевна – Бурабай өңірінің тарихы музейінің экскурсоводы (Бурабай), Тағанбаева Зәуреш Сәдуақасқызы - Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Әдебиет және өнер музейінің экскурсоводы (Көкшетау қаласы), Махметова Аягөз Мұратқызы - Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Мәлік Ғабдуллин музейінің экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің аға ғылыми қызметкері (Көкшетау қаласы), Антипова Вероника Андреевна - Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы (Көкшетау қ.), Қаржаубаев Қайрат Балташұлы - Степногор тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы (Степногор қ.), Бекенова Үмітжан Базарбекқызы - І.Есенберлиннің әдеби музейінің ғылыми қызметкері (Атбасар қ.), Бекмағанбетова Тілеген Жамекқызы – Маринов тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы (Мариновка а.), Әлжанова Гүлшат Серікқызы - Атбасар тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы (Атбасар қ.).

Үміткерлердің кәсіби шеберліктеріне әділ баға беру үшін әр саладағы өз ісінің мамандары тартылды: Қазылар алқасының төрағасы – музеолог, ICOM Kazakhstan комитетінің вице-Президенті Нұрсерік Жолбарыс; «Мәдениет саласының үздігі», Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бақтыгереев Бейбіт Салауатұлы; журналист, өлкетанушы Салық Гүлбаршын Дәкенқызы; академиялық доцент, Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-ң «География, экология және туризм» кафедрасының аға оқытушысы Канитаева Карима Паритқызы; Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының бас маманы Шарипова Жанна Қалымқызы.

Байқаудың қатысушылары 3 кезең бойынша өз бақтарын сынады:

Бірінші «ЭКСКУРСОВОД ПОРТФОЛИОСЫ» кезеңі 12-20 қараша аралығында өтті. Әр қатысушы өзінің кәсіби шеберліктерін айқын көрсететін, яғни жұмыс сәттері, сертификаттары мен марапаттары, мақалалары енген жоғары деңгейдегі портфолиосын әзірлеп, ұсынды.

Екінші «МЕНІҢ МУЗЕЙДЕГІ ТАРИХЫМ» кезеңі 23-25 қараша күндері аралығында Instagram және Facebook әлеуметтік желілерде онлайн дауыс беру арқылы жүзеге асырылды. Әрбір қатысушы экскурсия жүргізу шеберліктерін бейне-ролик форматында көрсетіп, қазылар алқасы мен жанкүйерлердің бағаларына ие болды.

Үшінші «ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ» кезеңінде қатысушылар нөмір арқылы бір жәдігерді таңдап, 2 минут аралығында аңыз ойлап тапты, сондай-ақ қазылар алқасының мүшелері әр қатысушыға экскурсиялық қызметпен байланысты сұрақтар қойып, білім деңгейін тексерді.

Байқаудың қорытындысы бойынша төмендегі қатысушылар жеңімпаздар атанып, ақшалай сертификаттар мен дипломдар табысталды:

ГРАН-ПРИ  - Антипова Вероника Андреевна - Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы (40 мың теңге сертификаты, «Үздік экскурсовод – 2020» мүсіншесі);

I ОРЫН -  Біләлова Айым Бекжанқызы - Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Көкшетау қаласының тарихы музейінің экскурсиялық-көпшілік жұмыстар бөлімінің меңгерушісі (20 мың теңге сертификаты);

II ОРЫН - Бекенова Үмітжан Базарбекқызы - І.Есенберлиннің әдеби музейінің ғылыми қызметкері (10 мың теңге сертификаты);

III ОРЫН - Махметова Аягөз Мұратқызы - Ақмола облысы мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының Мәлік Ғабдуллин музейінің экскурсиялық-бұқаралық бөлімінің аға ғылыми қызметкері (5 мың теңге сертификаты).

Сондай-ақ, арнайы номинациялар белгіленді:

- «Көрермендер көзайымы» номинациясын иеленген - Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде көрермендер саны бойынша  алға шыққан Махметова Аягөз Мұратқызы;

- Қатысушының актерлік шеберлігін бағалайтын «Үздік театрализация» номинациясы бойынша Біләлова Айым Бекжанқызы;

- Баяндалған тақырыпты толығымен ашып, «Тақырыпты түсіну мен білу» номинациясын -  Антипова Вероника Андреевна қанжығасына байлады.

Және де жанкүйерлер арасында да «Үздік комментатор» номинациясы ұйымдастырылып, терең мағыналы пікірлер жазған  Ләззат Даулетова (Нұр-Сұлтан қ.) мен Бауыржан  Ділдабек (Нұр-Сұлтан қ.) жеңіске жетті.

Қазылар алқасының мүшелері қосымша жеңімпаздарды жариялады: Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің атынан «Батыл қатысушы» номинациясын Степногор тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Қаржаубаев Қайрат Балташұлы иеленсе, Ақмола облыстық орыс драма театрының атынан Я.А.Куклинский атындағы диплом І.Есенберлиннің әдеби музейінің ғылыми қызметкері Бекенова Үмітжан Базарбекқызына берілді.

«Үздік экскурсовод – 2020» облыстық онлайн-байқауы қатысушылардың кәсіби шеберліктерін шыңдап қана қоймай, тәжірибе алмасуға септігін тигізді деп үміттенемін. Осындай бағыттағы жұмыстар жиі ұйымдастырылса, экскурсия қызметінің сапасы жоғарлайтыны анық.

 

 Айгерім АЙДАРБЕКОВА,

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің

экскурсиялық-көпшілік бөлімінің меңгерушісі

2034 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper