Анонс


«Қазына» этно-тарихи кешені келушілерді таңқалдырды (ФОТО) Таңдаулы

Бейсенбі, 22 Қазан 2015 01:54
«Қазына» этно-тарихи кешені келушілерді таңқалдырды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

 Шымкентте ашылған «Қазына» этно-тарихи кешені қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын туғызды, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі «Нұр Отан» патриясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ашылу салтанатына келген мәртебелі меймандар Оңтүстік өңірде осынау этно-мәдени, тарихи ошақтың ашылып отырғандығы рухани құндылықтарымызды дәріптеуде мағынасы терең екендігін атап, Елбасының «Мәңгілік Ел», «Ұлы дала» идеяларымен үндесіп жатқандығына айрықша тоқталды.


Этносаябақтағы жаяу жүргіншілер аллеясының бойына өңірдегі 27 тарихи-сәулеттік ескерткіштердің макеттері қойылған.

Кешеннің құрамында «Бәйдібек» ескерткіші, «Наурыз» алаңы, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, «Салт-дәстүр және әдеп-ғұрып» орталығы, «Жайлаукөл» демалыс орны біріктіріліп, бірыңғай сәулеттік ансамбльді құрайды. Саябақтың ортасына диаметрі 21 метрлік түрлі-түсті субұрқақ салынып, оны айнала ротондалар орналасқан.


Тұсауы кесіліп отырған «Қазына» этно-тарихи кешені Шымкент қаласының жалпы аумағы 76,4 гектар жерінде орналасқан. Этно-тарихи кешен аумағында сондай-ақ Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументалды ескерткіш бой түзеді.

Бұл жерде сонымен бірге ұзындығы 50 метр, биіктігі 8 метрді құрайтын тарихи ескерткіштердің бірі - «Ұлы жібек жолы» сәулеттік-композициясы орналасқан.


Көлемді аумағы бар «Наурыз» алаңы қазақша өрнекпен төселген кілем іспеттес, оның аумағында «Ауылым − алтын бесігім», «Туған жерім тұғырым» атты барельефті сахна, «Көкпаршы», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Бүркітші» секілді сәулеттік-декоративтік композицялар орнатылған.


Шаһардың көркін ашып, қала тұрғындары мен қонақтарының демалыс уақытын өткізуіне мүмкіндік беретін осындай мәдени кешендердің өңірлерде бой көтеріп жатқандығы – Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқандығының тағы бір айғағы.

 

Фото: Партияның баспасөз қызметінен алынды. 

3240 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper