Анонс


Қазақстанда тарихи және мәдени ескерткіштер жаңғыртылады

Жексенбі, 30 Тамыз 2015 12:42
Қазақстанда тарихи және мәдени ескерткіштер жаңғыртылады KAZMUSEUM.KZ -  

«Мәдени мұраның» жаңа бесжылдық жоспарында Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін қайта қалпына келтіру қамтылған. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісінің ресми сауалына  ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен хабарлады.

Атап айтқанда, құжат 2015-2020 жылдарға арналған және қазіргі кезде тиісті мемлекеттік органдармен келісу сатысында тұр.

 «Аталған жоспарға қолданбалы, ғылыми археологиялық зерттеулер бойынша Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты кітаптарды басып шығаруға, сондай-ақ туризмді, мұражай мен кітапхана ісін дамыту, тарих және мәдени ескерткіштерді  қайта қалпына келтіру,халықаралық алаңдарда еліміздің мәдени мұрасын насихаттау секілді бөлімдер енгізілді»,-деп атап өтілген министрлік мәліметінде.

Естеріңізге сала кетейік, 2004 жылы бағдарлама қабылданғалы бері 78 тарих пен мәдениет ескерткіштері қалпына келтірілді, олардың 28-і (35%) - 2008 бен 2011 жылдар арасында реставрацияланған. Екі ескерткіш ЮНЕСКО Әлемдік мәдени мұрасына кірді, олар Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық кешені.

Дамаск қаласындағы Сұлтан Әз-Захир Бейбарыс кесенесі, Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті реставрациясы, Дамаскідегі әл-Фараби тарихи-мәдени орталық-кесенесінің құрылысы сәтті аяқталды.

Ғылымға біздің ата-бабаларымыз тарихы туралы мәлімет беретін мыңдаған артефактілерге 26 ғылыми-қолданбалы, 40 археологиялық зерттеулер жүргізілді.

 

5401 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper