Анонс


«Есік» қорық-музейі ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін атап өтеді

Бейсенбі, 12 Сәуір 2018 00:56
«Есік» қорық-музейі ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күнін атап өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі  2018 жылғы 18 сәуірде ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғаудың халықаралық күніне арналған шара өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Атаулы күнге орай «Есік» қорық-музейі БАҚ пен туризм саласындағы өз достарымен кездесу өткізеді, олардың еңбектері бағаланып ең белсенділеріне музей ісіне қосқан үлесі үшін арнайы марапаттар тапсырылады.  

 Шара аясында «Есік» қорық-музейінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Түркістан қаласындағы Тарихи-мәдени-этнографиялық орталықтың «Ұлттық  зергерлік бұйымдар» жобасы негізіндегі 100-ге  жуық құнды жәдігерлер топтамасын қамтитын, 2 бөлімнен тұратын  «Киелі өлке мұралары» атты көрмесі ұсынылады.

Келушілер Наурыз мерекесін атап өту аясында ұйымдастырылатын алтыбақан тебу, арқан тартыс, қол күрестіру, мақал-мәтел жарысы сынды түрлі ойындар мен «Есік» қорық-музейі туралы түсірілген арнайы оқушылар флэш-мобын да тамашалай алады. 

Қосымша ақпараттарды «Есік» қорық-музейінен алуға болады.

Мекен-жайы:  Алматы обл., Еңбекшіқазақ ауданы, Рахат а/о, Өрікті ауылы, Есік-Александровка жолы 6,6 шақырым, құрылыс 2. «Есік» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі.

Тел/ф: 8 727 306 91 30,  8-727-391-34-58   Тел. 8 707 753 7878, 8 747 064 0785

e-mail:issyk@inbox.ru    

3195 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper