Анонс


«Шымкент қалашығы» тарихи ескерткішінің аумағы заңсыз құрылыстардан тазартылды

Бейсенбі, 19 Мамыр 2016 01:00
«Шымкент қалашығы» тарихи ескерткішінің аумағы заңсыз құрылыстардан тазартылды KAZMUSEUM.KZ -  

ОҚО аумағында заңсыз құрылыстармен күресу жоспарына сәйкес, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мен Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі берген талап арыздар сотпен қаралып, заңсыз нысандарды бұзуға шешімдер қабылданып жатыр, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты «Шымкент қалашығы» тарихи ескерткішінің аумағына заңсыз құрылыс жүргізген қала тұрғындары А.Адильбекова мен Г.Курбановаға тиесілі құрылыс нысандары бұзылды.

Аталған азаматтар салған ғимараттар ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға және ҚР жер заңнамасына сәйкес, қажетті рұқсат құжаттары алынбай өз бетімен бой көтерген болатын.

Айта кеткен жөн, тарих және мәдениет ескерткiштерi, қорғалатын табиғат объектiлерi бар аумақтарда құрылыс жүргiзуге тыйым салынып және шектеу қойылған.

Мұнан бөлек, бүгінгі таңда, басқарма мамандарымен 200-ге жуық нысанның заңдылығы зерделенуде. Егер аталған нысандар сот шешімімен заңсыз деп танылса, құрылыс нысандары бұзылатын болады.

2475 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper