Анонс


Биыл еліміздегі 20 тарихи ескерткіш қалпына келтірілмек Таңдаулы

Бейсенбі, 31 Наурыз 2016 14:20
Биыл еліміздегі 20 тарихи ескерткіш қалпына келтірілмек KAZMUSEUM.KZ -  

Биыл еліміздегі 20 тарихи ескерткіш қалпына келтірілмек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Ақтоты Райымқұлова айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мәдени мұра» бағдарламасы аяқталғанымен, тарихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары Мәдениет және спорт министрлігінің стратегиялық жоспары аясында жалғасып келеді. Мәселен, өткен жылы елімізде барлығы 33 ескерткіш қалпына келтірілді. Ал биыл 20 тарихи ескерткішті қалпына келтіру жоспарланып отыр», - дейді А.Райымқұлова.+

Оның айтуынша, ата-бабамыздан қалған бай мұраны сақтап қалу үшін министрлік шетелдік сарапшылармен де жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, 2015 жылы күзде министрліктің арнайы шақыртуымен халықаралық ИКОМОС хатшылығы арқылы АҚШ, Бельгия, Испаниядан келген сарапшылар Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің техникалық жай-күйін зерттеп, ескерткішті сақтау жөнінде ұсыныстарын жасады.

2571 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper