Анонс


СҚО-да Айғаным ханымға мазар салынды

Сәрсенбі, 02 Желтоқсан 2015 15:57
СҚО-да Айғаным ханымға мазар салынды KAZMUSEUM.KZ -  

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Айыртау ауданының Сырымбет ауылында Шоқан Уәлихановтың әжесі, Айғаным ханшайымның мазары ашылды. Бұл туралы аталған өңір басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бұл нысанды салу қазақтың ұлы ғалымы, этнографы әрі тарихшысының есімімен байланысты тарихи мұраны одан ары сақтауға өз септігін тигізеді. Мазарды Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ашудың да айрықша нышандық мәні бар. Немересінің адам болып қалыптасуына зор ықпал еткен қазақтың ұлы әйелінің есімі халықтың арасында зор құрметке ие», - делінген хабарламада.

Аталған нысанның ашылу рәсіміне Сырымбет ауылының ғана тұрғындары емес, сонымен бірге Омбы, Петропавл және Көкшетау қалаларынан келген тарихшы-шоқантанушылар мен профессорлар қатысты. Осыдан кейін олар Шоқан Уәлихановтың құрметіне орай ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылы қазақтың ұлы ғалымы әрі ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 180 жыл толады.

 

Дереккөзі: ҚазАқпарат

3201 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper