Анонс


Музей мамандары үшін республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өтеді

Сәрсенбі, 16 Қараша 2022 17:33
Музей мамандары үшін республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ғылыми-зерттеу және мәдени-білім жұмыстары бойынша музейдің көпжылдық тәжірибесімен бөлісу,  музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жолдарын жүйелеу және дамыту  мақсатында 2022 жылғы 23-25 қараша күндері музей қызметкерлеріне арналған «Қазіргі отандық музей: жаңа тәсілдер мен өзекті іс-тәжірибелер (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейінің іс-тәжірибесі негізінде)» тақырыбында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

СЕМИНАР-ТРЕНИНГТІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ БАҒЫТТАРЫ:

  • ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
  • қазіргі кезеңдегі отандық музей кеңістігіндегі ғылыми зерттеулердің өзектілігі (ғылыми-зерттеу жобаларды жүзеге асырудағы ҚР МОМ іс-тәжірибесі);
  • музейлік ғылыми экспедициялар ұйымдастыру (археологиялық, этнографиялық, археографиялық және т.б.);
  • ғылыми және ғылыми практикалық форумдар (семинар, конференция, дөңгелек үстел) – музей қызметкерлерінің өзіндік ұйымдастыруының формасы ретінде.

Ғылыми-қор жұмысы

  • ғылыми-қор жұмысының жалпы әдістемелік мәселелері;
  • музей қор жинақтарын ғылыми каталогизациялау музейдің іргелі бағыттарының бірі ретінде.

Ғылыми-реставрациялық (қалпына келтіру) жұмысы

  • қалпына келтіру жұмысының жалпы әдістемелік мәселелері.
  • МӘДЕНИ-БІЛІМ ЖҰМЫСЫ
  • музейдің мәдени-білім қызметін ұйымдастырудағы жобалық жұмыстарды жүзеге асыру;
  • музейлік менеджмент және маркетинг;
  • мәдени-білім беру іс-шараларын жүзеге асырудағы инновациялық тәсілдер;
  • музейлік педагогиканың әдістемелік және практикалық аспектілері.

Шеберлік сабақтар

  • «Қалпына келтіру ісінің қыр-сыры»: металл, киіз, мата, керамика және т.б. бұйымдарды қалпына келтіру бойынша шеберлік сабақтар.

Семинар-тренинг жұмыс тілдері – қазақ, орыс.

Семинар-тренингке қатысу формасы: тікелей.

Семинар-тренингтің ерекшелігі практикалық бағытта жүргізілуінде.

Қатысуға өтінімді csmrk1986@mail.ru электрондық поштасы арқылы қабылданады. Семинар-тренингке қатысуға Қазақстанның республикалық, облыстық, қалалық және басқа да музейлерінің қызметкерлері шақырылады.

Семинар-тренингке қатысушылардың өздері талқылайтын мәселелер ауқымын нақтылауға және кеңейтуге мүмкіндік береді. Қатысушылар өтініші бойынша музей ісіндегі басқа да мәселелер мен проблемалар қарастырылады. Сонымен қатар, семинар-тренингке қатысушыларға Алматы қаласындағы музейлерге экскурсия ұйымдастыру жоспарлануда, соған сәйкес өтінімде сіздің қалауыңыздағы музейді көрсету сұралады.

Семинар-тренингке қатысудың барлық шығындары жіберуші тарапынан төленетіндігін қаперіңізге береміз.

 

Өтетін орны/мекен-жайы                                          Байланыс телефондары:

Алматы қ.,  Самал – 2, д. 44                                          8 727 264 22 00

ҚР Мемлекеттік Орталық музейі                                  8 727 2 64 06 55

Кинозал, 1 этаж                                                        

 

 

Ұйымдастыру комитеті

 

 

 

Ғылыми-әдістемелік семинар-тренингке қатысу үшін

ӨТІНІШ

 

Аты-жөні

 

Мемлекет/қала

 

Мекеме атауы

 

Лауазымы

 

Ғылыми дәреже/ғылыми атауы

 

Мен Алматы қаласындағы экскурсияға баруды таңдаған музей

 

Телефон

 

e-mail

 

Ұсыныс, пікір

 

 

 

 

 

522 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper