Анонс


ONLINE КУРС: 4-ЛЕКЦИЯ «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін музейдің қолжетімділігі»

Сәрсенбі, 20 Мамыр 2020 14:59
ONLINE КУРС: 4-ЛЕКЦИЯ «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін музейдің қолжетімділігі» KAZMUSEUM.KZ -  

Назарларыңызға Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің отандық музей қызметкерлері үшін өткізетін online тәртіптегі біліктілік арттыру курсының 4-видеолекциясын ұсынамыз.

Лекцияның тақырыбы: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін музейдің қолжетімділігі». Лекцияны Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің директоры, профессор Гүлмира Кенжеболатқызы Шалабаева оқиды.

Ұзақтығы: 14 минут 23 сек.


Қатысушылар №2 қосымшаға сәйкес, бүгінгі лекцияны тыңдағаныңызды растайтын сауалнаманы 20 мамыр күнгі 23.00-ге дейін infokazmuseum@gmail.com поштасына жолдау қажеттігін естеріңізге саламыз. Сағат 23.00-ден кейін қабылданбайды. Қосымша №2 сауалнама үлгісін мына жерден алуға болады: САУАЛНАМА №2

Келесі лекция 2020 жылғы 27 мамыр күнгі 15.00-де жарияланады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Көпшіліктің сұрауымен Ә.Қастеев атындағы Өнер музейі осы біліктілік арттыру курсын музей туризмі, көркемөнер заттарына анализ лекцияларымен толықтырды.  Курстың келесі шығарылымдары 27 мамыр, 3 маусым, 10 маусым күндері болады. Соңғы екі курс кезінде 2 лекциядан ұсынылады. Біліктілік арттыру курсының сертификаттары 15 маусымда тапсырылады.

ЕСКЕРТУ: Online курсқа тіркеу қазіргі уақытта аяқталды. Сондықтан тіркелуге арналған №1 сауалнаманы жібермеулеріңізді сұраймыз.

2454 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper