Анонс


«Сариев оқулары: Музейдегі мәдениет әлемі» республикалық конференциясы өтеді

Бейсенбі, 25 Тамыз 2022 16:53
«Сариев оқулары: Музейдегі мәдениет әлемі» республикалық конференциясы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінің құрылғанына 30 жыл толуына арналған  «Сариев оқулары: Музейдегі мәдениет әлемі» атты республикалық тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Республикалық конференцияның ұйымдастырушысы:  «Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» ҚМКК Атырау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы.

Конференцияның мақсаты: Конференцияда көтерілетін мәселелер музей қызметінің жағдайы мен дамуының аса маңызды мәселелерін қарастырып, болашақта музей ісін дамыту стратегияларының негізін құрауы тиіс. Мәдени және көркем мұраны өзектендіруді зерттеудің тиімді әдістерін іздеу. Музей ісінің теориясы мен практикасын, өнертанудың өзекті мәселелерін ғылыми тұрғыдан түсіну және талқылау үшін бірыңғай пікірталас алаңының жұмыс істеуі.

Конференцияның негізгі бағыттары:

1.        Мәдени-көркем мұраны зерделеу мен жаңартудың тиімді әдістерін іздестіру.

2.        Музейлердің қызметін жақсарту және оңтайландыру әдістерін іздеу.

3.        Қазақстан бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнерінің теориясы мен тарихының проблемалары мен үрдістері.

4.        Музейлердегі цифрлық технологияларды пайдалана отырып, мәдени мұраны сақтауға қатысты мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу.

5. Жаһандану процестерінің қазіргі көркемдік жағдайға әсері.

Конференция жұмысына қатысуға: музей  қызметкерлері, ғалымдар, білім беру ұйымдарының оқытушылары, мәдениеттанушылар,  өнертанушылар, жоғары оқу орындарының студенттері, аспиранттар және суретшілер шақырылады. 

Конференцияға қатысу түрі: келіп қатысу немесе сырттай қатысу (пандемияға байланысты онлайн форматта өтуі мүмкін).

Конференция жұмысына қатысқысы келетіндер Ұйымдастырушы комитетпен байланысқа шығуы тиіс. Конференция материалдары  жинақ түрінде шығарылады және  ол музей сайтына  (http:// shaimardan.kz)  салынады.

Өтетін уақыты: 8-9 қараша, сағ. 9.30, КМҚК «Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі» (тіркеу сағат 09:00).

Өтетін орны: Атырау қаласы, КМҚК «Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі»

Конференцияны ұйымдастыру алқасының мекен-жайы:

060002, ҚР, Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 11 үй. КМҚК «Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейі», телефон: 8 (707) 119 00 78 - Нұғманова Назгүл Төлегенқызы,  8 775 321 0163 – Шахманова Роза Кабдрашқызы, 8 (777) 664 49 36 – Лұқпанова Шынар Салауатқызы, 8 (701) 187 70 20 – Құспанова Дина Насухқызы;  Эл.пошта: fond_muzei@mail.ru.

Конференцияға келген қатысушылардың жол жүру шығындарын, тұруы мен тамақтануын ұйымдастыру комитеті тарапынан.

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар мен қатысу шарттары:

1. Көлемі 1-4 беттік компьютер басылымында Times New Roman, 14 кегль, беттің сол жағынан – 3 см, жоғарғы және төменгі жағынан – 2 см, оң жағынан – 1,5 см, жол арасы – бір интервал. Барлық кестелер, графиктер, сызбалар мен суреттер Word форматына аударылып жасалуы керек.

2. Баяндама тақырыбы ірі шрифтпен берілуі тиіс. Тақырып пен мәтін арасы екі жолмен бөлінеді. Тақырыптың үстіңгі оң жағына автор (авторлардың) аты-жөні, жұмыс орны  жазылады.

3. Әдебиеттер тізімі мен сілтемелер мақаланың соңына араб цифрларымен тік бұрышты жақшаның ішіне алынып [1, 5 б.] беріледі.

4. Мақала соңындағы түйін қазақ, орыс, тілдерінде берілуі керек.

5. Ұйымдастыру алқасы сапасыз, сөзбе-сөз көшірілген, жаңалығы жоқ, қойылған талаптарға сәйкес келмейтін мақалаларды кері қайтарады.

Авторлар мақалада баяндалған материалдар мен фактілер үшін жауап береді. Тақырыпқа сәйкес келмейтін мәтіндер жарияланбайды.

Конференцияға қатысу үшін мақалалар ұйымдастыру алқасының мекен-жайына 2022 жылғы 1 қазанына дейін жіберілуі тиіс.

 

 Конференция қатысушысының тіркеу қағазы 

 1. Тегі, аты, әкесінің аты

 2. Баяндаманың атауы /мақала/

 3. Мекеме атауы (ғылыми мекеме, ЖОО)

 4.  Ғылыми дәрежесі

 6. Автордың (авторлардың) мекен-жайы

 7.  Лауазымы

 8. Телефон

 9. Электронды пошта (міндетті)

864 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper