Анонс


КОНФЕРЕНЦИЯ: «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: зерделеу, түсіндіру және сақтау мәселелері»

Бейсенбі, 23 Қыркүйек 2021 22:30
КОНФЕРЕНЦИЯ: «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: зерделеу, түсіндіру және сақтау мәселелері» KAZMUSEUM.KZ -  

«Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Археология, этнология және музеология»  кафедрасы «Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: зерделеу, түсіндіру және сақтау мәселелері» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция 2021 жылғы  22 қазанда «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінде өтеді.

Конференцияда келесі бағыттар бойынша талқылау жоспарлануда:

* Еуразияның ежелгі және ортағасырлық археологиясы;

* Жартас өнері: зерттеу және сақтау мәселелері;

* Этникалық тарих пен этномәдени процестердің жалпы және өзекті мәселелері;

*Археологиялық және этнографиялық экспедициялардың далалық материалдары;

* Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және музейлендіру әдістері;

* Тарихи пәндердегі пәнаралық әдістер;

 

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, ағылшын, орыс.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2021 жылдың 10 қазанына дейін өтінім толтырылып жіберілуі тиіс . Конференция қорытындысы бойынша жариялауға ұсынылған материалдар жинағын шығару жоспарлануда. Ол үшін 2021 жылғы 15 қарашаға дейін (қоса алғанда) баяндамалардың мәтіндерін e-mail: tamgaly@mail.ru жіберу қажет

 

Қатысушылардың шығындары келуші тараптың есебінен қаржыландырылады.

 

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Көлемі 15 бетке дейінгі баяндама мәтіндері (негізгі мәтін, әдебиеттер тізімі, суреттер мен кестелерге  мәтіндер) * doc, *. *.docx. форматтағы файл түрінде ұсынылуы тиіс, қарпі Times New Roman 12 кегль; интервал – бір;  жиектері: жоғарғы және сол жақта 3 см, оң жақта 1,5 см, төменгі жағында 2,5 см. Қызыл жолдың жиегі: 1 см.

Иллюстрациялық материалдар мен оларға қойылған мәтіндер жеке файлдармен жіберіледі. 8 данаға дейін jpg немесе tiff форматында 300 dpi кем емес рұқсаты бар сызбалар мен иллюстрациялар қабылданады. Мәтіндегі суреттер мен кестелерге сілтемелер дөңгелек жақшада келесі үлгі бойынша беріледі (сурет. 1, 3; 2, 4), (кесте. 1).

Мақала мәтіні бірінші жолдың оң жақ шетінде рәсімделеді: автор (аты-жөні) көрсетіледі, екінші жұмыс орнының толық атауы, үшінші қаласы мен елі, төртінші автордың (авторлардың) электронды мекен-жайы, бесінші баяндаманың қалың қаріппен жазылмаған атауы жазылады. Бұдан әрі, 1 интервал бос тастап  – қызыл жолдан мақала мәтіні беріледі.

Әдебиетке сілтемелер мәтінде дөңгелек жақшада орналастырылады (тегі, шыққан жылы, беті). Мысалы, (Омаров, 2014, Б.15-20). Ұжымдық жұмысқа сілтеме жасалған жағдайда алғашқы үш тегіне дейін көрсету керек (Марғұлан, Ақышев, Қадырбаев және т.б., 1966, 97-б.).

Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында алфавиттік тәртіппен ресімделеді. Әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіппен (автордың тегі мен аты-жөні, жұмыстың атауы, орны, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде жасалады.

Зерттеулерді қаржыландыру (егер бар болса) туралы ақпарат (қорды көрсету, грант № және оның атауы) әдебиеттер тізімінен кейін жазылады.

Баяндама соңында ағылшын тілінде аннотация беріледі. Аннотацияға автордың/авторлардың тегі мен аты-жөні, мақала атауы (қолмен жазылмаған) және көлемі 300 сөзден аспайтын (кем дегенде 150) мәтін кіреді. Егер мақала ағылшын тілінде болса, аннотация қазақ немесе орыс тілдерінде беріледі.

Қажет емес: табуляция ; сөздерді разрядпен бөлу (сөздер арасында, белгілер арасында тек бір бос орын болуы керек); абзацтарды бос жолмен бөлу; автоматты режимде орындалатын командаларды пайдалану (әдебиетке сілтемелер мен ескертулер, абзацтарды таңбалау және нөмірлеу және т.б.); макростарды пайдалану, мәтінді шаблон түрінде сақтау және "тек оқу үшін" орнату; мәтінді пішімдеу және мәжбүрлі түрде ауыстыру. Көрсетілген өлшем бірліктері СИ жүйесіне сәйкес келуі тиіс.

Конференция тақырыбына сәйкес келмейтін және талаптарға сәйкес ресімделмеген, көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген материалдар ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша жинаққа кірмейді.

 

"Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы: зерттеу, түсіндіру және сақтау мәселелері" тақырыбы бойынша, 2021 жылдың 22 қазанында өтетін  халықаралық ғылыми-тәжірибелік  конференцияға қатысу үшін

ӨТІНІМ

 

Автордың (авторлардың) аты-жөні (толық)         

 

Мекен-жайы (елі, қаласы т.б.)       

 

Ұйымның атауы (толық)    

 

Лауазымы     

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы 

 

Байланыс телефоны

 

e-mail

 

Баяндаманың атауы (бас әріппен)

 

Іссапарды рәсімдеу үшін жеке шақыру қажеттілігі

 

940 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper