Анонс


Музей ісіндегі жас мамандарды грант алуға қатысуға шақырамыз

Сәрсенбі, 01 Қыркүйек 2021 16:21
Музей ісіндегі жас мамандарды грант алуға қатысуға шақырамыз KAZMUSEUM.KZ -  
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау жөніндегі конкурс жариялады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 
Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында ағымдағы жылы әрбір грантқа 3 млн.теңге сомасында 30 грант берілетін болады.
Грант берудің мақсаты белсенді шығармашыл жастар қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау болып табылады.
Конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталған кезде жасы 14-тен кем емес және 29-дан  аспайтын, конкурсқа қатысуға өтінім берген Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы үміткер бола алады.
Гранттар Қазақстан Республикасының азаматына жаңа идеялар мен бастамаларды іске асыру үшін конкурстық негізде мынадай бағыттар бойынша беріледі:
 
«Ғылым» – ғылымның басым секторларында жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
 
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын танымал етуге, халықтық мәдени дәстүрлер мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
 
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және дайындауға арналған;
 
«Бизнес» – экономиканың басым секторларында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған;
 
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған.
 
Үміткерлердің конкурстық өтінімдері (қағаз нұсқада) ағымдағы жылғы 20 қыркүйекке дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты (14-кіреберіс); Байланыс номерлері: 8 7172 74-05-25, (87058223333), (электрондық нұсқасы) generation.kaz@gmail.com поштасына қабылданады. 
 
Конкурстық өтінімдер мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде қабылданады және:
1) нысан бойынша жобаның сипаттамасы;
2) жобаның бейне-таныстырылымы (60 секундтан аспайды);
3) шығыстар сметасының жобасы;
4) зияткерлік меншік туралы мәліметтер (бар болса) қамтылуы тиіс.
 
 
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ ҮШІН МЫНА СІЛТЕМЕНІ БАСЫҢЫЗ
 
1634 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper