Анонс


12 мамырда «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталады

Сейсенбі, 11 Мамыр 2021 23:16
12 мамырда «Рухани қазына – 2021» фестивалі басталады KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі 12 мамырдан бастап мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылған мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің IV республикалық «Рухани қазына – 2021» фестивалін ашық деп жариялайды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Байқаудың мақсаты – мәдениет саласы қызметкерлерінің тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау, кітапхана, музей, мәдени ойын-сауық саласы қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін арттыру, өңірдегі мәдениет ұйымдарының имиджін арттыру.Республикалық деңгейдегі қазылар алқасының отырысы 12-14 мамыр аралығында өтеді.

Республикалық «Рухани қазына – 2021» байқауының аясында үздік мемлекеттік музей (облыс, аудан (қалалық) маңызы бар), мемлекеттік кітапхана (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар), мемлекеттік мәдени ойын-сауық ұйымы (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар) мен мәдениет ұйымдарының үздік қызметкерлері анықталатын болады.

Бүгінде байқауға еліміздің 15 өңірінен кітапхана, музей және мәдени-демалыс қызметі бойынша 300-ден астам өтініш келіп түскен.

Елбасы Н.А.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» арнайы жобасы аясында төртінші рет өткелі отырған бұл байқаудың басты ерекшелігі – Фестивальдің Ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Қазақстанның мәдени астанасы» анықталады. 18-21 мамыр аралығында фестивальдің бірқатар іс-шаралары, атап айтқанда салтанатты марапаттау рәсімі, шетелдік сарапшының қатысуымен шеберлік сыныптары және т.б. Көкшетау қаласында өткізіледі.

Қазылар алқасының отырысы 12-14 мамыр күндері сағат 9.30-18.00 аралығында келесі мекен-жай бойынша:

мәдени ойын-сауық ұйымы бойынша – «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында (Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік ел 10/1);

кітапхана ісі – Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында (Нұр-Сұлтан қаласы, Достық 11);

музей ісі бойынша – ҚР Ұлттық музейінде (Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік 54) және аталған мәдениет ұйымдарының әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

1607 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper