Анонс


«Үздік ғылыми қызметкер-2021» конкурсы өтеді

Сейсенбі, 20 Сәуір 2021 20:14
«Үздік ғылыми қызметкер-2021» конкурсы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Алматы қаласының музейлер бірлестігі МузейFEST-2021» республикалық онлайн-акциясы аясында «ҮЗДІК ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕР» конкурсын өткізеді.

1. Жалпы ережелер

1.1. Ғылыми-зерттеу жұмысы бейіндік және музейтанушылық ізденістерді – экспозицияның ғылыми тұжырымдамасын ғылыми жобалау мен әзірлеуді, қорларды ғылыми жинақтау мен музей заттары мен коллекцияларын зерделеуді қамтитын музей қызметінің негізгі бағыты болып табылады.

1.2. Осы Ереже «МузейFEST-2021» республикалық онлайн-акциясы (бұдан әрі - Конкурс) аясында үздік ғылыми қызметкерге конкурс өткізудің мақсатын, міндеттерін, тәртібі мен шарттарын айқындайды.

1.3. Конкурсты ұйымдастырушы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК (бұдан әрі - Бірлестік) болып табылады.

1.4. Конкурсқа Қазақстанның өңірлік және мемориалдық музейлерінің  қатысушылардың өздері таңдаған тақырыптық тұсаукесерлер, ғылыми еңбектер ұсынылуы мүмкін.

 

2. Байқаудың мақсаттары 

2.1. Бейінді музейлердің экспозициялық тақырыбын зерттеуде жаңа теориялық және практикалық білімдердің қалыптасуына ықпал ету.

2.2. Музей заттарын жинау, сақтау, өңдеу және пайдалану теориясы мен әдістемесінде инновациялық білімдерді қолдануға ықпал ету.

2.3. Музей қызметкерлерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ету.

2.4. Үздік ғылыми қызметкерлерді анықтау.

 

3. Байқаудың міндеттері 

3.1. Мәдени-тарихи мұраны зерттеу және сақтау;

3.2. Музейлердегі ғылыми-зерттеу бейіндік және музейтану қызметіне қызығушылықты ынталандыру.

3.3. Музейлер жұмысының жобалық-зерттеу әдістерін жетілдіру және дамыту.

3.4. Ғылыми қызметкерлерде теориялық және практикалық ғылыми ізденістер жүргізу дағдыларын жетілдіру.

3.5. Мәдени және тарихи мұраны зерделеу мен танымал етуде ғылыми қызметкерлердің шығармашылық белсенділігін дамыту.

3.6. Ғылыми қызметкер мамандығын танымал ету.

 

4. Қатысушылар

4.1. Конкурсқа Қазақстанның өңірлік және мемориалдық мұражайларының ғылыми қызметкерлері қатыса алады.

 

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары 

5.1. Конкурс 2021 жылғы 19 сәуір мен 17 мамыр аралығында өткізіледі. (2021 жылғы 19 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін – дайындық кезеңі, 01 мамырдан бастап 10 мамырға дейін – материалдарды қабылдау)

5.2. Конкурс онлайн форматта өтеді, материалдар (ғылыми еңбектер (жарияланымдар), оларға сілтемелер, бейнематериал, қатысушы туралы мәліметтер (жеке деректер, жұмыс орны, жұмыс өтілі, өзі туралы қысқаша әңгіме) электрондық поштаға жіберіледі museumfest2021@mail.ru

5.3. Қатысушы туралы мәліметтер көлемі бір А4 парақтан аспайтын көлемде толтырылады, WORD форматы, TimesNewRoman қарпі, 14 кегль, қатысушының фотосуреті қоса беріледі.

5.4. Қатысушылар музейде өздерінің ғылыми қызметінің 3 минуттық бейнепрезентациясын (немесе бірегей экспонат туралы әңгіме) жасап, соңғы 2 (екі) жылда жарық көрген 2 (екі) ғылыми мақаланы қосып, 2021 жылғы 10 мамырдан кешіктірмей электрондық поштаға жіберуі тиіс.

5.5. «Алматы – Тәуелсіздік бесігі» тақырыбында Алматының тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері туралы ғылыми-танымдық мақала жариялау (3 беттік А4). Мақаланың PDF форматта немесе сілтемесін museumfest2021@mail.ru поштасына жіберуі тиіс.

5.6. Байқау комиссиясы 2021 жылдың 14 мамырына дейін 1, 2 және 3 орын алған сайыскерлерді анықтайды.

5.7. Тағы бір жүлдегерді – «Жеңіске деген жігері үшін» жүлдесінің иегерін байқау ұйымдастырушысы анықтайды.

5.8. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау 2021 жылғы 18 мамырда өтеді

5.9. Конкурсқа материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

 

6.Конкурстық жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар

6.1. Смартфонға түсіру кезінде ролик көлденең күйде түсірілуі тиіс. Ұзақтығы 3 минуттан аспайды. Роликке музейдің атауы, қатысушының тегі, аты, әкесінің аты, презентация тақырыбы көрсетілген титрлар қойылуы тиіс. Қажет болған жағдайда басқа титрға рұқсат беріледі.

6.2. Көлемі А4 форматтағы 3 парақтан аспайтын ғылыми мақалалар, Times New Roman қарпі, кегль 14, жоларалық интервал 1,5.

6.3. Электрондық мекен жайға жіберу кезінде: «Үздік ғылыми қызметкер» конкурсына» белгі қою міндетті. Сонымен қатар WhatsApp  +7 778 882 24 46 номеріне құжаттар жіберілгендігі туралы хабарлау қажет

 

 

7. Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау критерийлері

7.1. Регламентті сақтау;

7.2. Конкурсқа қатысушының ғылыми зерттеулерінің жаңалығы мен өзектілігі.

7.3. Музей бейіні немесе музейтану бағыттары бойынша баяндамамен ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу.

7.4. Соңғы 3 жылда халықаралық және республикалық ғылыми, ғылыми-көпшілік басылымдарда ғылыми және ғылыми-танымдық жарияланымдарының болуы.

7.5. Өз қызметін қысқаша және қызықты түрде ұсына білу;

7.6. Соңғы 3 жылда біліктілікті арттыру бойынша семинарға қатысушылар сертификаттарының болуы.

7.7. Бейнепрезентацияға қойылатын талаптар:

• Бейне материал сапасы

• Дыбыс сапасы

7.8. Жалпы баға онлайн-конкурстың ең жоғары балл сомасынан шығады.

 

8. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау, жүлде қоры 

8.1. Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады;

8.2. Конкурс жеңімпазына диплом, естелік белгі, жүлде тапсырыла отырып, «Үздік ғылыми қызметкер» атағы беріледі;

8.3. Байқау қорытындысы әлеуметтік желілерде 2021 жылдың 18 мамырында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады

8.4. Қорытынды шығаруды, жеңімпаздарды марапаттау рәсімінің күні мен орнын ұйымдастыру комитеті анықтайды.

8.5 Жеңімпаз бен жүлдегерлерге келесі сыйлықтар қарастырылған:

1 орын үшін – ноутбук, диагоналы 15 дюйм

2 орын үшін – моноблок

3 орын үшін – ноутбук, диагоналы 11 дюйм

«Жеңіске деген жігері үшін» – планшет

 

9. Байланыс ақпараты 

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

«Алматы Музейі»

Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 132

e-mail: almatymuseum@mail.ru

Байланыс телефондары: 8 (727) 272-43-21, +7 7788822446/ +7 7021941306

 

 № 1 қосымша

 

Үздік ғылыми қызметкер конкурсына қатысуға

ӨТІНІМ

1. Автордың аты-жөні

__________________________________________________________________

2. Автор туралы мәлімет:

Жасы _____________________________________________________________

Білімi _____________________________________________________________

Зерттеу конкурстарына қатысуы (болған жағдайда)

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

3. Ғылыми жетекшісі (егер бар болса)

 ________________________________________________________________

4. Конкурстық жұмыстар тақырыбы

________________________________________________________________

5. Жұмыстарға қысқаша аннотация

 ________________________________________________________________

________________________________________________________________

6. Байланыс (телефон, электрондық пошта)

 ________________________________________________________________

________________________________________________________________

Осы өтінім Үздік ғылыми қызметкер конкурсына қатысуға келісімін және конкурс шарттарымен келісетіндігін растайды.

Осы өтініммен ұсынылған конкурстық жұмыс жаңадан жасалған туынды болып табылатыны және басқа автор (авторлар) жасаған туындының көшірмесі еместігі расталады.

________________________________________________________________

(Толық аты-жөні)

«____» _____________ 20__ жыл

Қолы ____________________

2325 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper