Анонс


«Үздік ауылдық музей-2021» конкурсы өтеді

Сейсенбі, 20 Сәуір 2021 20:01
«Үздік ауылдық музей-2021» конкурсы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Алматы қаласы музейлер бірлестігі «МузейFEST-2021» республикалық онлайн акциясы аясында  «ҮЗДІК АУЫЛДЫҚ МУЗЕЙ» конкурсын өткізеді.  

1. Жалпы ережелер

1.1 Музей – тарихи, мәдени және табиғи мұраны сақтау, таныстыру және тарату құралы.

1.2 Осы Ереже «МузейFEST-2021» республикалық онлайн-акциясы (бұдан әрі - Конкурс) шеңберінде үздік ауылдық музейге арналған конкурстың мақсатын, міндеттерін, тәртібі мен шарттарын айқындайды.

1.3. Байқауды ұйымдастырушы «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК (бұдан әрі - Бірлестік) болып табылады.

1.4 Байқау номинациялары:

- Үздік ауылдық музей.

 

2. Конкурстың мақсаты 

• Музейлердің және өлкетану бұрыштарының тарихи жадын сақтау мәселесіне назар аудару;

• Тарихи-мәдени мұраны сақтау және зерделеу;

• Музейлердің жәдігерлерді, заттарды, материалдарды жинау, зерттеу, экспонаттау және сақтау орталықтары ретіндегі рөлін арттыруға және музейдің тарихты зерделеу мен танымал ету жөніндегі жұмысының мазмұнын, нысандары мен әдістерін одан әрі жетілдіруге жәрдемдесу.

 

3. Байқаудың міндеттері 

• Музейлердің білім мен тәрбие беру әлеуетін арттыру;

• Жаңа музей экспозициялары мен үздік музейлерді анықтау;

• Музейлерді танымал ету.

 

4. Қатысушылар

Байқауға Қазақстанның ауылдық жерлерінде орналасқан тарихи-өлкетану және мемориалдық музейлер қатыса алады.

 

5. Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

5.1. Конкурс 2021 жылғы 19 сәуір мен 17 мамыр аралығында өткізіледі. (2021 жылғы 19 сәуірден бастап 30 сәуірге дейін – дайындық кезеңі, 01 мамырдан бастап 10 мамырға дейін – материалдарды қабылдау)

5.2. Байқау онлайн форматта өтеді, портфолио электрондық поштаға жіберіледі. Электрондық пошта -   museumfest2021@mail.ru

Портфолиода келесі бөлімдер болуы керек:

- музейдің ақпараттық картасы (сауалнама);

- музейдің практикалық қызметі (іздеу жұмысы, әлеуметтік жобаларды іске асыру және т. б.);

- экспозиция суреттері;

- музей туралы видео.

5.3. Қатысушылар 3 минуттық тақырыптық бейнеэкскурсия жасап, 2021 жылдың 10 мамырынан кешіктірмей электрондық поштаға жіберуі тиіс.

5.4. «Алматы – Тәуелсіздік бесігі» тақырыбында Алматының тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері туралы 3 минуттық бейнепрезентация дайындау.

5.5. Байқау комиссиясы 2021 жылдың 14 мамырына дейін үздік ауылдық мұражайды анықтайды.

5.6. Конкурсқа материалдар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде ұсынылады.

 

6. Конкурстық жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар

6.1 Смартфонға түсіру кезінде ролик көлденең күйде түсірілуі тиіс. Ұзақтығы 3 минуттан аспайды. Роликке музейдің атауы көрсетілген титрлар салынуы тиіс. Қажет болған жағдайда басқа титрға рұқсат беріледі.

6.2 Электрондық мекен жайға жіберу кезінде: «Үздік ауылдық музей» конкурсына белгі қою міндетті. Сонымен қатар WhatsApp   +7 778 882 24 46 номеріне құжаттар жіберілгендігі туралы хабарлау қажет

 

7. Музей жұмысын бағалау критерийлері 

7.1. Музей қызметін ұйымдастыру;

7.2. Қорлардың болуы және бірегейлігі;

7.3. Экскурсиялық қызметтің болуы және жаңалығы;

7.4. Іздеу, зерттеу және экскурсиялық жұмыстарды ұйымдастыру;

7.5. Экспозицияны безендіру деңгейі;

7.6. Фото және бейне материалдардың сапасы;

7.7. Дыбыс сапасы;

7.8. Жалпы баға онлайн-конкурстың ұпайлары сомасынан туындайды.

  

8. Қорытынды шығару және жеңімпаздарды марапаттау 

8.1. Конкурс жеңімпазы дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталады;

8.2. Конкурс жеңімпазына естелік белгі, жүлде – дербес компьютер және ұйымдастыру техникасы (лазерлік принтер) тапсырыла отырып, «Үздік ауылдық музей» атағы беріледі;

8.3. Байқау қорытындысы әлеуметтік желілерде 2021 жылдың 18 мамырында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады

8.4. Қорытынды шығаруды, жеңімпазды марапаттау рәсімінің күні мен орнын ұйымдастыру комитеті анықтайды.

 

9. Байланыс ақпараты 

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы:

«Алматы Музейі»

Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 132

e-mail: almatymuseum@mail.ru

Байланыс телефондары: 8 (727) 272-43-21, +7 7788822446/ +7 7021941306

1995 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper