Анонс


Музейдің жас мамандарына арналған семинар өтеді

Жұма, 16 Сәуір 2021 14:52
Музейдің жас мамандарына арналған семинар өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен 2021 жылғы 22 сәуірдегі сағат 10.00-17.00 аралығында музей ісінің жас мамандарына арналған «Музей ісінің негіздері» тақырыбында республикалық онлайн форматтағы семинар өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Семинар мақсаты: Музей қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру. Музей саласындағы тиімді қызмет атқару үшін қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру, жетілдіру және жаңа кәсіби білім алу.

Семинар бағдарламасы:

1. Семинардың ашылуы. Алғы сөз (Қадримбетова Назгүл Нұржанқызы, ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары);

2. «Музей ісіндегі жаңа трендтер» (Жолбарыс Нұрсерік, Kazmuseum.kz сайтының жетекшісі, музеология магистрі);

3. «Вопросы музейного дела: новые подходы» (Кошман Татьяна Ваисльевна, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ археология және этнография кафдерасының аға оқытушысы;

4. «Музей және мұра: зерттеу, сақтау және насихаттау» (Оңғар Ақан, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтының басшысы, тғк);

5. «Музейдегі қор жұмыстары» (Ақпасова Бәтеш Рахметжанқызы, Қор жұмысы қызметінің басшысы);

6. «Музей  қызметінің нормативтік-құқықтық базасы» (Аймағанбетова Айнұр Құранияқызы, Ақтөбе облыстық тарихи өлкетану музейінің заңгер көмекшісі);

7. «Музейдегі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу» (Хасенов Сырым Серікқазыұлы, Қазақстан тарихы бөлімінің аға ғылыми қызметкері);

8. «Музей педагогикасы», (Садыбай Гаухар Қасиқызы, Музей педагогикасы бөлімінің жетекшісі);

9. «Музей заттарын реставрациялау» (Жанашева Құралай Оралбайқызы, 2 санатты суретші-қалпына келтіруші ж/д маман);

10. «Экскурсиялық қызмет» (Рақтаева Айгүл Нуриденқызы, Экскурсиялық қызмет көрсету бөлімінің әдіскері);

11. «Музейдің экспозициялық-көрме жұмыстары» (Нұрмағанбетов Азамат Советұлы   Суретші - экспозициялаушы ж/д маман).

 

Семинар өтетін уақытта kazmuseum.kz сайтында онлайн режимге сілтеме жарияланатын болады.

2099 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper