Анонс


«XIІI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді

Сенбі, 06 Ақпан 2021 20:23
«XIІI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

 «Орталық Азияның ежелгі және дәстүрлі қоғамдарының тарихи-мәдени мұрасы: жаңа ашылымдар мен пәнаралық зерттеулер»атты тақырыппен археология, этнология және музеология кафедрасының 50 жылдығына арналған дәстүрлі «XIІI Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты. 

Конференцияның  2021 жылғы 20-21 мамыр күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «Тарих, археология және этнология» факультетінде өтеді.

Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр:

  • Ежелгі және ортағасырлық археология;
  • этникалық тарих пен этномәдени үдерістердің жалпылама және өзекті мәселелері;
  • Көрнекті археологтар жайлы естеліктер мен ой-толғамдар;
  • Археологиялық және этнографиялық экспедициялардың далалық материалдары;
  • Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және музеефикациялаудың әдістері;
  • Тарихи пәндердегі пәнаралық әдістер;
  • Археология мен этнологиядағы қазіргі заманғы әдістер мен тұрғылар;
  • Археологияны, этнологияны және музей ісін ЖОО-да оқытудың жаңа тұрғылары мен инновациялық әдістері.

Конференция – қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде өтеді.

Конференцияға қатысу үшін 2021 жылдың 20 ақпанға дейін қатысу өтінішін жіберу керек, 2021 жылдың 20 сәуірге (қоса алғанда) дейін келесі мекен-жайға: orazbayev-conference@mail.ru баяндамалардың мәтіндері мен өтінішін жіберу қажет.

Студенттер мен магистранттардың мақалалары, сонымен бірге, зерттеушілермен бірлескен мақалалар қабылданбайды. Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші жақтан өтеледі.

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Баяндама мәтіні 15 бетке дейін (негізгі мәтін, әдебиеттер тізімі, суреттер мен кестелерге арналған жазбалар) *.doc, *. docx форматында қабылданады. Times New Roman  12 шрифтпен терілуі  тиіс, жоларалық интервал - 1, жиектер: жоғарғы және сол жақ 3 см, оң жақ 1,5 см, төменгі жақ 2,5 см. Азат жол: 1 см.

Көрнекілік материалдар және олардың жазбалары бөлек файл түрінде жіберіледі. Сегіз данаға дейін сызба және сурет түріндегі көрнекілік қабылданады. Көрнекіліктер jpg немесе tiff форматында, 300 dpi кем болуы шарт. Мәтінде суреттерге сілтеме доғал жақшаларда беріледі. Мысалы (сурет 1,3; 2,4), (кесте 1).

Баяндама мәтіні бірінші жолдың оң жақ шеті бойынша рәсімделеді, автор көрсетіледі, екінші толығымен жұмыс орны, үшінші қала және мелекет, төртінші автордың (авторлардың) электронды поштасы, бесінші қанық шрифтпен баяндама атауы үлкен әріптермен жазылады. Әрі қарай, негізгі мәтін 1 бос жолдан кейін, азат жолдан басталады.

Деректерге сілтеме доғал жақшаларда жасалады (Аты-жөні, жылы, беті). Мысалы: (Омаров, 2014, 15-20). Сілтеме ұжымдық жұмысқа жасаланған жағдайда бірінші үш автор көрсетіледі (Маргулан, Акишев, Кадырбаев, 1966, с.97).

Әдебиеттердің тізімі мақала соңында алфавит бойынша беріледі. Әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіппен (автордың тегі мен аты-жөні, жұмыстың атауы, орны, баспасы, шыққан жылы, беттері) түпнұсқа тілінде жасалады.

Зерттеулерді қаржыландыру (егер бар болса) туралы ақпарат (қорды көрсету, грант № және оның атауы) әдебиеттер тізімінен кейін жазылады.

Мақала соңында ағылшын тілінде аннотация болуы қажет. Аннотация автордың / авторлардың аты-жөнінен, мақаланың атынан және 300 көп емес сөзден тұрады. Егер  баяндама ағылшын тілінде болса, аннотация қазақ немесе орыс тілінде жазылады.

Тыйым салынған: табуляцияны жүргізу; сөздерді разрядпен бөлу (сөздер арасында, белгілер арасында тек бір бос орын болуы керек); абзацтарды бос жолмен бөлу; автоматты режимде орындалатын командаларды пайдалану (әдебиетке сілтемелер, еренсілтемелер мен ескертулер, абзацтарды таңбалау және нөмірлеу және т.б.); макростарды пайдалану, мәтінді шаблон түрінде сақтау және «тек оқу үшін» орнату; мәтінді пішімдеу және мәжбүрлі түрде ауыстыру. Көрсетілген өлшем бірліктері СИ жүйесіне сәйкес келуі тиіс.

Конференция тақырыбы мен баяндама рәсімдеудің талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар Ұйымдастыру алқасының шешімімен бойынша жинаққа еңгізілмейді.

Конференцияны өткізуге байланысты туындаған барлық сұрақтарды, кеңестер мен тілектерді төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауларыңызды сұраймыз.

Байланыс деректері: orazbayev-conference@mail.ru 

 «ХІІI Оразбаев оқулары», 20-21 мамыр 2021 ж. халықаралық археологиялық конференциясына қатысуға 

ӨТІНІШ 

 Автордың (авторлардың) аты-жөні (толық)

 

Мемлекет, қала

 

Мекеменің атауы (полностью)

 

Қызметі

 

Ғылыми атағы

 

Байланыс телефоны

 

e-mail

 

Баяндама атауы (бас әріппен емес)

 

Іссапарды рәсімдеу үшін жеке шақырудың қажеттігі

 

 

2425 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper