Анонс


Республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауы онлайн форматта өтеді

Жұма, 11 Қыркүйек 2020 11:27
Республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауы онлайн форматта өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Биыл елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Мәдениет және өнер саласының қызметкерлері мен ұйымдарының ІІІ-ші республикалық «Рухани қазына – 2020» байқауы онлайн форматта өтеді. Байқауға мемлекеттік музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен ауылдық клубтар қатысады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конкурстық  іріктеу облыстық және республикалық екі турда өтеді.

Өңірлерде бірінші іріктеу кезеңі 14 қыркүйекке дейін өтеді. Жеңімпаздар осы жылдың 30 қыркүйегіне дейін өтетін республикалық турға қатысуға мүмкіндік алады.

Республикалық байқаудың басталуы осы жылдың 28 қыркүйегінде онлайн форматта жоспарланған. Екі күн бойы қазылар алқасы республикалық фестиваль қатысушыларының өнерін бағалайды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі осы жылы 7 қазанда Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, онлайн форматта өткізу жоспарланып отыр.

 

Қосымша ақпарат үшін:

+ 7 702 379 42 02

Жүзжанова С.К.

1801 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper