Музей қызметкерлерін біліктілік арттыруға шақырамыз

Жексенбі, 27 Қазан 2019 22:11
Музей қызметкерлерін біліктілік арттыруға шақырамыз KAZMUSEUM.KZ -  

Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің базасында Санкт-Петербург қаласының Музей қызметін стандарттау ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен «Мәдениет құндылықтарға сараптама» атты қосымша білім беруге арналған курсы өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Курс бағдарламасы күндізгі-сырттай оқыту әдісімен 255 сағатқа арналған. Сырттай оқыту бөлігі 2019 жылғы 18 қазанда басталып, күндізгі бөлімі 2019 жылғы 25-28 қараша аралығында Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінде жалғасады.

Біліктілік арттыру курсының соңында барлық қатысушыға арнайы куәлік беріледі. Толық ақпарат алу музейдің Шетел өнері бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Виолетта Вологодскаяға (+7 701 368 73 39) хабарласуға болады.  

320 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper