Анонс


Музей қызметкерлерін конференцияға шақырамыз

Бейсенбі, 01 Тамыз 2019 15:56
Музей қызметкерлерін конференцияға шақырамыз KAZMUSEUM.KZ -  

«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты халықаралық ғылыми конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференцияны қазақстандық өлкетанушылардың «Туған жер» қоғамдық бірлестігі 2019 жылғы 3-4 қазанда Нұр-Сұлтанда өткізеді. Шара 2014 жылғы 2 шілдеде ашылған Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бесжылдығына орайластырылған.

Конференцияның басты тақырыбы - «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы». Тақырып аясында төмендегі мәселелердің талқылануы жоспарлануда:

1) Киелі жерлер географиясының теориялық-әдістемелік негіздері;

2) Қазақстанның рухани қасиетті орындарынзерттеу, сақтау және көпшілікке тарату бойынша практикалық ұсыныстар;

3) Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы: музей кеңістігінде қайта таныстыру мәселелері.

Конференцияның жұмыс тілі: Қазақ, орыс, ағылшын

 

Конференцияға қатысуға өтінім және баяндама мәтіндері.

Ұйымдастыру комитетінің адресіне 2019 жылғы 25 тамызға дейін хаттың тақырыбына міндетті түрде «Конференция, №.... секция» белгісімен электронды түрде (*.doc или *.docx форматтарында) жолдауларыңызды сұраймыз.

Баяндама мәтіндерін рәсімдеу талаптары:

1) Материалдарды жариялау үшін оларды мәтіндік MS Word (*.doc немесе *.docx форматтары) редакторымен дайындау керек.

2) Файл атауы – бірінші автордың фамилиясы, аты, әкесінің аты бойынша  (мысалы: Ахметов А.А.doc).

3) Аннотация мақала атауын қайталамауы қажет жәнемазмұнында мәселелері, зерттеу әдісі, нәтижелері дәл берілуі керек (100 сөзден аспайды).

4) Кілт сөздер: кілт сөздер жиынтығы – 10 сөзден аспауы тиіс.

5) Барлық жағынан 2 см, мәтін ені бойынша тураланады, тасымалдаусыз, TimesNewRoman шрифті, 14 кегль, жоларалығы – бір, мәтіндегі абзацтық шегініс – 1 см.

6) Жоғарғы сол жақ бұрышына ӘОЖ қойылады. Төменде жұмыстың атауы ортадақанық бас әріптермен  жазылады. Содан кейін бір бос жол қалдырылады.

7) Төменде ортада – автор(лар)дың фамилия(лары)сы және инициалдары; одан төмен ортада МЕНШІК ТҮРІНСІЗ және ТЫРНАҚШАСЫЗ мекеменіңтолық атауы, қала көрсетіледі.

8) Егер бірлескен авторлар әртүрлі мекемеден болса, онда фамилиядан кейін бос орынсыз мекеменің реттік нөмірі жоғарғы индексте беріледі. Жоғарғы индекстегі мекеме атауларының алдына араб сандарымен тиісті нөмірлер (бос орынмен) қойылады.

9) Бос бір жолдан кейін негізгі мәтін беріледі. Мәтіндегі әдебиетке сілтемелер  - тік жақшада. Әдебиеттер тізіміматериалдың соңында- авторлардың аталуына қарай.

Конференция тезистері авторлық редакциямен жарияланады. Ұйымдастыру комитеті көрсетілген талаптарға және конференция тақырыбына сай келмейтін жұмыстарды жариялаудан бас тарту құқығына ие.

Конференцияға қатысу – тікелей, сырттай.

Баяндама мәтінін рәсімдеу үлгісі:

 

ӘОЖ 398.323

 

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ЭТНОМӘДЕНИ ДӘСТҮРІНДЕГІ ОРЫНДАРДЫ ҚАСИЕТТІ САНАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ НАНЫМДАР МЕН ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАР

 

Ахметов Ахмет Ахметович,

қызметі

Қазақстан республикасы Ұлттық музейі

 

Аннотация: Аннотация мәтіні. Аннотация мәтіні. Аннотация мәтіні. Аннотация мәтіні. Аннотация мәтіні.

Кілт сөздер: 10 сөзден аспайды.

Мәтін. Мәтін. Мәтін [1, б. 35]. Мәтін. Мәтін.Мәтін.Мәтін.Мәтін.Мәтін.Мәтін.Мәтін.Мәтін.Мәтін.Мәт.

 

Әдебиет:

  1. Зуев Ю. А. Ежелгі түркілер: тарих және идеология очерктері. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. – 338 б.

 

Ұйымдастыру комитеті көрсетілген талаптарға және конференция тақырыбына сай келмейтін жұмыстарды жариялаудан бас тарту құқығына ие. 

Конференцияның барлық шығындары жолдаушы тарап есебінен.

Конференция жұмысына қатысу үшін 2019 жылғы 25 тамызға дейін өтінім және мақалалар мәтінінsakralnyi.kaz@gmail.comэлектронды поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.

 

Нұр-Сұлтан қ., 2019 жылғы 3-4 қазандағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» халықаралық ғылыми конференциясына

ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ

1. Аты-жөні (толығымен)              

2. Мекеме атауы (толығымен)   

3. Мақала аты (толығымен)         

4. Қатысу жоспарланған секцияның аты

5. Лауазымы  (толығымен)           

6. Ғылыми дәрежесі         

7. Мемлекет, қала            

8. Байланысу (адрес, телефон, e-mail)    

9. Жеке куәлік №, берілген күні (рұқсат қағазы үшін)     

10. Қажетті техникалық жабдықтар (мультимедиялық проектор және т.б.).       

 

Ұйымдастыру комитетімен байланысу:

Жалпы үйлестіру:

Екимбаева Анар Сраиловна, «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығы бөлімінің меңгерушісі:

Tel.: 8 (7172) 999064;

Жуманбаев Дастан Нуркатович және Төлегенұлы Кажымурат, қатысушыларды орналастыру және алып жүру мәселелері бойынша:

E-mail: sakralnyi.kaz@gmail.com;

3315 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper