«ХХІ ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты семинар-тренинг өтеді

Сәрсенбі, 12 Маусым 2019 01:25
«ХХІ ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты семинар-тренинг өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастыруымен музей қызметкерлері арасында  «ХХІ ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап»атты семинар-тренинг өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Семинарға БҚО мәдениет басқармасының басшысы, ҚР Ұлттық  музейінің өкілдері, музейтанушылар, облыс, аудан музейлерінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысады.

Өтетін орны мен уақыты: 2019 жылғы 14 маусым күнгі сағат 10.00-де Қадыр Мырза Әлі орталығында ұйымдастырылады.

 

541 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper