Анонс


Музей саласы бойынша 2019 жылдың үздіктері анықталды

Сәрсенбі, 22 Мамыр 2019 15:28
Музей саласы бойынша 2019 жылдың үздіктері анықталды KAZMUSEUM.KZ -  

«Рухани қазына-2019» фестивалі аясында ұйымдастырылған музей үздіктерін анықтайтын конкурстың нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Облыстық үздік музей-2019» номинациясы Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейіне берілді. «Үздік аудандық музей-2019» номинациясы Лисаковск қаласының Жоғары Тобыл мәдениеті музейіне табысталды.

Ал, «Облыстық музейдің үздік қызметкері-2019» номинациясы Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының маманына, «Аудандық музейдің үздік қызметкері-2019» номинациясы Алматы облысының «Батыр бабалар» мемориалдық кешенінің қызметкеріне табысталды.

Айта өтейік, қазылар алқасының құрамында Ә.Қастеев атындағы Өнер музейінің директоры Гүлмира Шалабаева, Ұлттық музей директоры Алмас Нұразхан, «Бозоқ» қорық-музейінің директоры Сәуле Бөрібаева, «Астана» суретшілер одағының төрағасы Жанұзақ Мүсәпір болды. Жүлделерді табыстау Ұлттық музейде өтті. 

Қазақстан музей қызметкерлерін ақпараттық-әдістемелік қолдауға арналған «Kazmuseum.kz» қоры жеңімпаздарды құттықтайды!

3324 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper