Анонс


Музей мамандарына арналған конференцияға материалдар қабылдау басталды

Бейсенбі, 18 Сәуір 2019 13:46
Музей мамандарына арналған конференцияға материалдар қабылдау басталды KAZMUSEUM.KZ -  

Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Археологиялық қазба жұмыстарынан табылған көне музыкалық аспаптар: жиналу және зерттелу мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.  

Конференция барысы төмендегі бағыттарды қамтиды:

- Қазақстандағы музыкалық археологияның зерттелу мәселелері;

- ҚР музейлері қорындағы археологиялық музыкалық аспаптар және олардың сақталу деңгейі;

- Әлемдік тәжірибедегі музыкалық археология;

- Археологиялық музыкалық аспаптарды қайта қалпына келтірудің әдістерін жүйелеу.

 Конференцияның өтетін мерзімі: 25 қазан 2019 ж., 10:00.

Конференция тілі: қазақ, орыс, ағылшын.

Конференцияға қатысу үшін баяндамаларды 2019 жылдың 15 қыркүйегіне дейін imeniykhlasa@mail.ru электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз. Материалдар жинағы авторларға конференция күні тегін таратылады.

Конференцияға қатысушылардың қаржылық шығындары жіберуші (қатысушы) тарапынан.

Баяндаманы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

1. Көлемі – 5-7 беттен аспайтын, MS Word форматында, А4;

2. Сол жақ жиек – 3 см, оң жақ жиек – 2 см, үстіңгі, астыңғы жиектер – 2 см. Шрифт: Times New Roman, кегль – 14, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт  интервал; азат жол – 1 см;

3. Беттің оң жақ үстінде қалыңдатылған әріппен автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері, ұялы байланыс номері және e-mail көрсетіледі. Бір аралықтан кейін бас әріптермен баяндаманың аты және аннотация беріледі. Аннотациядан кейін кілт сөздер жазылады;

4. Мақала мәтіні кілт сөздер соңынан екі интервалдық аралықтан кейін беріледі;

5. Беттерге нөмір қойылмайды. Сілтемелер төртбұрышты жақша ішінде, әдебиет қолдану реті бойынша беріліп, беті көрсетіледі (мысал: [1, 25 б.]). Мақала соңында әдебиеттер қолдану реті бойынша орналастырылады. Библиографиялық сипаттамасы әдебиет туралы толық мағлұматты қамтуы шарт. Көрнекіліктер JPEG форматында берілуі тиіс.

Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауапты.  Редакциялық алқа талаптарға сай келмейтін және жоғарыда көрсетілген күннен кейін жіберілген жұмыстарды қабылдамауға құқылы.

 Конференцияға қатысушының өтініш үлгісі

 

Аты-жөні (толық)

 

Мекеменің аты (толығымен)

 

Қызметі

 

Баяндама (мақала) тақырыбы

 

Ғылыми дәрежесі

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық поштасы

 

Автордың мекен-жайы

 

Баяндамаға қажетті құралдар (проектор және т.б.)

 

 

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Зенков көшесі 24/А, Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі

Сұрақтар мен ұсыныстарды төмендегі жауапты қызметкерлерге жолдауларыңызға болады:

Қайратұлы Рустем

Ғылым бөлімінің меңгерушісі

жұмыс тел.: 8(727) 291-63-16

ұялы тел.: +7 707 600 62 60

Қожахан Жансая

Аға ғылыми қызметкер

 жұмыс тел.: 8(727) 291-63-16

ұялы тел.: +7 702 787 87 73

 

 

2556 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper