Анонс


Мектеп музейлеріне арналған семинар өтеді

Сейсенбі, 05 Наурыз 2019 02:01
Мектеп музейлеріне арналған семинар өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы, Таврия ауылы,  «Таврия орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Музей қызметін дамыту мәселелері мен жаңа әдістері»  атты тақырыпта  өңір аралық семинар өтеді, деп хабарлайды kazmuzeum.kz сайты ұйымдастырушыларға сілтеме жасап.

«Жобаның мақсаты – музей қызметінде жаңа әдістерді қолдану арқылы музей жетекшілерінің шеберлігін жетілдіру, музей жұмысында озық тәжірибелерді анықтау, оны тәжірибеде қолдана білуді қамтамасыз ету» дейді ұйымдастырушылар.

Аталған семинарды өткізудегі міндет - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы идеяларды жүзеге асыру. Семинарға қатысушылар үшін Таврия орта мектебінің мұғалімдері іздену-зерттеу қызметі, мектеп музейі аясындағы өлкетану жұмыстары, оқу-тәрбие үрдісінде музей материалдарын пайдалану бойынша шеберлік сыныптарын көрсетеді. Тәжірибе алмасу мақсатында семинардың тақырыбы бойынша диалогтік алаң ұйымдастырылады.Аталған шараның өткізілуінің соңғы  нәтижесі музей жұмысында туындайтын қиындықтарды анықтау және оны шешу жолдарын көрсете білу, мектеп музейлерінің жұмысында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану және семинарға қатысушылардың озық тәжірбиелерін толықтыру болып табылады.

Өңіраралықсеминар  2019 жылы 29 наурызда  өтеді. Семинарға Жамбыл, Қызылорда, Павлодар облыстарының «Үздік мектеп музейі» республикалық байқауының жүлдегерлері, Өскемен, Шемонаиха қалаларының тарихи-өлкетану музейлерінің, А.С.Пушкин атындағы   облыстық  кітапхананың өкілдері, Шығыс Қазақстан облысының қала және аудан мектептерінің музей жетекшілері, Ұлан ауданы мектептерінің тарих және география пәндерінің мұғалімдері қатысады.

Өткізілетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Таврия ауылы,  «Таврия орта мектебі» КММ. Байланыс телефоны: 8(7232)70-39-33

 

Фотосурет көркемдік мақсатты қойылған. Материалға қатысы жоқ. 

4277 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper