Анонс


Музей мамандарына арналған семинар өтеді

Жұма, 16 Қараша 2018 17:15
Музей мамандарына арналған семинар өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі 2018 жылғы 29 қарашада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Мәдени мұраны сақтау және қалпына келтіру мәселелері» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинарын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Семинарға тарихшылар, отандық ғалымдар мен музей ісінің мамандары қатысады.

Семинар музей қорындағы жәдігерлерді есепке алуда қолданылатын ережелері мен музейлік жәдігерлер қайта қалпына келтіру, сақтау ережелері және қолданбалы өнерді дамыту бағыттары бойынша өтеді.

 

2380 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper