Анонс


Қазақстанның үздік музейі мен музейдің үздік қызметкерлері анықталады Таңдаулы

Жұма, 04 Мамыр 2018 01:05
Қазақстанның үздік музейі мен музейдің үздік қызметкерлері анықталады KAZMUSEUM.KZ -  

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылғы 22 мамырда Қазақстанның үздік музейі мен кітапханасы және аталған саладағы үздік қызметкерлері анықталады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазіргі уақытта облыстық және Астана, Алматы қалаларының мәдениет басқармалары арқылы барлық музей мен кітапханаға байқаудың ережелері жіберілген.

Байқау мемлекеттік музейлер (облыстық, аудандық (қалалық) маңызы бар), мемлекеттік кітапханалар (облыстық, аудандық (қалалық), ауылдық маңызы бар) (бұдан әрі – мәдениет ұйымдары) және мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында өтеді.

 Мәдениет ұйымдары арасында байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей;

2) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей;

3) Үздік облыстық маңызы бар кітапхана;

4) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана;

5) Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана.

Мәдениет ұйымдарының қызметкерлері арасында байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1) Үздік облыстық маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері

2) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар мемлекеттік музей қызметкері;

3) Үздік облыстық маңызы бар кітапхана қызметкері;

4) Үздік аудандық (қалалық) маңызы бар кітапхана қызметкері;

5) Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана қызмететкері.

Мәдениет ұйымдары, жоғарыда көрсетілген номинациялар бойынша бір ғана кандидатура ұсына алады.

Байқау үш кезеңнен 2018 жылғы 30 наурыз бен 16 мамыр аралығында өтеді.

Бірінші кезең ағымдағы жылдың 30 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтеді. Ауылдық, аудандық мәдениет ұйымдары аудандық деңгейдегі Байқауға  қатысу үшін ағымдағы жылғы 30 наурыздан 5 сәуірге дейін аудандық мәдениет бөліміне осы Қағидалардың 2-қосымшасына (мәдениет ұйымдары) және 3-қосымшасына (мәдениет ұймдарының қызметкерлері) сәйкес үлгі бойынша рәсімделген өтінім береді.

 Екінші кезең ағымдағы жылдың 16 сәуір мен 26 сәуір аралығында өтеді. Екінші кезеңге бірінші кезеңнің жеңімпаздары (әр номинация бойынша 1 кандидаттан), сондай-ақ облыстық және қалалық мәдениет ұйымдары қатысады. Облыстық және қалалық мәдениет ұйымдары облыстық деңгейдегі Байқауға  қатысу үшін ағымдағы жылғы 16 сәуірге дейін облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының мәдениет басқармаларына осы Қағидалардың                        2-қосымшасына (мәдениет ұйымдары) және 3-қосымшасына (мәдениет ұйымдарының қызметкерлері) сәйкес үлгі бойынша рәсімделген өтінім береді.

 Үшінші кезең ағымдағы жылдың 26 сәуір мен 15 мамыр аралығында өтеді. Үшінші кезеңге екінші кезеңнің жеңімпаздары (әр номинация бойынша 1 кандидаттан) қатысады. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының мәдениет басқармалары ағымдағы жылғы 16 мамырға дейін Ұйымдастырушыға республикалық деңгейдегі Байқауға қатысу үшін өтінім береді.

Фестиваль аясында келесі іс-шаралар:

1) пленарлық отырыс (Фестивальдің ашылуы);

2) диалогтық алаңдар;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне экскурсиялар;

4) «Рухани қазына-2018» республикалық байқауы (бұдан әрі – Байқау);

5) Фестивальдің жабылуы өтеді.

Ұйымдастырушы облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының мәдениет басқармаларынан 2018 жылғы 16 мамырға дейін мына электронды поштаға: rukhanikazyna@gmail.com немесе Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, 517-кабинет мекен-жайы бойынша қағаз түрінде өтінімдер мен конкурстық материалдарды қабылдайды.

 Мәдениет ұйымдарының және мәдениет ұйымдары қызметкерлерімен Байқауға қатысуға өтініміне 2016-2018 жж. басты кәсіби жетістіктері туралы растайтын материалдар (құжаттар, жарияланымдар көшірмелері, фотосуреттер) қоса беріледі.

 Ұйымдастырушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінімдер мен конкурстық материалдарды осы Қағидалардың 16 және 17 тармақтарына сәйкес қарастырады.

Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда өтінімдер қаралмайды және қайтарылуға жатпайды.

Қарау нәтижесі бойынша өтінімдер мен конкурстық материалдар іріктеу үшін Байқаудың қазылар алқасына ұсынылады.

Байқау қорытындысын жасау және жеңімпаздарды анықтау мерзімі:  2018 жылғы 22 мамыр.

 

 Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 2-қосымша 

 

 

 «Рухани қазына-2018» республикалық байқауына

қатысуға мәдениет ұйымының өтінімі

 

1. Ұйым туралы мәлімет

 

Ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген толық атауы

 

Басшы

(аты-жөні, лауазымы)

 

 

Мекен-жай:

 

 

Телефон:

 

Эл. пошта:

 

 

2. Ұйымның 2016-2018 жж. негізгі кәсіби жетістіктері

 

Материальдық-техникалық базасының жағдайы

(Интернет, компьютерлер мен сканерлердің, арнайы қор сақтау қоймаларының және т.б.  болуы)

 

Негізгі көрсеткіштер (келушілер, қор саны (музей және кітап), музей заттарын есепке алу және сақтау бойынша  ақпараттық жүйелердің және т.б болуы);

 

Елімізде және халықаралық деңгейде өткен мәдени-көпшілік және имидждік іс-шаралар (көрмелер, қойылымдар, шығармашылық кештер, дәрістер, квесттер, шеберлік сыныптар, тұсаукесерлер және т.б.)

 

Иннновациялық технологияларды енгізу;

 

3 жыл бойынша жобалар (ғылыми-практикалық, шығармашылық және т.б.)

 

Ақпаратқа қолжетімділікті арттыру

(интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер және т.б.);

 

Қызметтің сапасы мен қолайлылығын арттыру (медиатека мен балалар бұрышының болуы);

 

Қатысушы-ұйымның жеңіп алған гранттары, мерзіміне шектеу қойылмайды

 

Бұқаралық ақпарат құралдарында қатысушы-ұйым туралы мақалалар, мерзіміне шектеу қойылмайды (библиографиялық тізім)

(жол-тармақтар қосуға болады)

 

Қосымша мәліметтер

(жол-тармақтар қосуға болады)

 

 

Күні___________________________2018 ж.

 

________________                             _____________________________________

        (қолы)                                                                Басшының аты-жөні

 

МО

Ескерту: конкурстық материалдар 20 беттен аспауы тиіс

 

Мәдениет және өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің «Рухани қазына» фестивалін ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 3-қосымша 

 

 

«Рухани қазына-2018» республикалық байқауына

қатысуға мәдениет ұйымы қызметкерінің өтінімі

 

Номинация ______________________________________

_________________________________________________

(мәдениет ұйымының толық атауы)

_________________________________________________________________

(Аты-жөні, лауазымы, байланысу мәліметтері (телефон, эл.мекен-жайы)

 

Күні ___________________________2018 ж.

 

________________                                 _____________________________________

       (қолы)                                                                   Басшының аты-жөні

 

 

1. Қатысушының 2016-2018 жж. негізі кәсіби жетістіктері

 

 

2. Байқауғы қатысушының қысқаша кәсіби өмірбаяны

 

Тегі

 

 

Аты-жөні

 

 

Туған күні

 

 

Атақ, марапаттары

 

 

Мекен-жай

 

 

Телефон

 

 

Эл. пошта

 

 

Білімі

(қатысушы білім алған жоғары және арнаулы оқу орындарының барлығын көрсету)

 (жол-тармақтар қосуға болады)

Жоғары оқу орны, факультет, мамандықтың атауы, оқу кезеңі

 

Магистратура, аспирантура:

Жоғары оқу орны, факультет, мамандықтың атауы, оқу кезеңі

 

Ғылыми дәрежесі: қашан және қайда берілді, диссертацияның тақырыбы

 

Еңбек өтілінің негізгі кезеңдері (қызметтік тізімі)

(жол-тармақтар қосуға болады)

Жұмыс орны, жұмыс кезеңі, лауазымы

 

Біліктілігін арттыру

(курстар, тағылымдамалар, дипломдар мен сертификаттар және т.б)

(жол-тармақтар қосуға болады)

Біліктілігін арттыру орны, кезеңі

 

2016-2018 жж. кәсіби байқауларға қатысуы, жетістіктері (мерзіміне шектеу қойылмайды)

(жол-тармақтар қосуға болады)

Байқаудың атауы, өткен жылы, нәтижесі

 

Қатысушының өзі немесе қатысумен жеңіп алынған гранттар, мерзіміне шектеу қойылмайды

(жол-тармақтар қосуға болады)

Грант беруші-ұйым, жоба, жылы

 

2016-208 жж. қатысушының кәсіби немесе аймақтық баспасөзде жарық көрген мақалалары (библиографичлық тізім)

(жол-тармақтар қосуға болады)

 

 

Қатысушының бұқаралық ақпарат құралдарында 2016-2018 жж. жарық

көрген мақалары  (библиографиялық тізім)

(жол-тармақтар қосуға болады)

 

 

Хобби

(жол-тармақтар қосуға болады)

 

 

Қосымша мәліметтер

(жол-тармақтар қосуға болады)

 

 

 

5. Қатысушы ретінде ұсыну үшін келісім

Мен (Аты-жөні) ________________________________________________________

 «Рухани қазына-2018» байқауына қатысушы ретінде қатысуға келісімімді растаймын.

 

________________ 2018 ж.                                           ______________________

           (күні)                                                                (қатысушының қолы)

 

4084 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper