Анонс


Ұлттық музей Қазақстандағы музей қызметкерлерінің басын қосатын форум өткізеді Таңдаулы

Жұма, 24 Наурыз 2017 01:42
Ұлттық музей Қазақстандағы музей қызметкерлерінің басын қосатын форум өткізеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен барлық мүдделі қатысушыларды  «Музей қызметін инновациялық дамыту мен ақпараттандырудың өзекті мәселелері» атты республикалық форумға қатысуға шақырады, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2017 жылғы 12 мамырда Халықаралық музейлер күніне орай «Музей қызметін инновациялық дамыту мен ақпараттандырудың өзекті мәселелері» атты республикалық форум өткізеді.

Форумның мақсаты - Қазақстан Республикасы Президентінің 31.01.2017 ж. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауынан (Жолдаудың бірінші және бесінші басымдықтары) туындайтын Қазақстандағы музей ісі саласын инновациялық дамыту мен ақпараттық технологияларды енгізудің өзекті мәселелері бойынша пікір алысу болмақ. Секциялық отырыстарда талқылануға ұсынылатын мәселелердің практикалық сипаты бар және музей ісі саласындағы өзекті мәселелерді шешудің жолын іздестіру қажеттігінен туындап отыр.

Форум жұмысы мына мәселелер төңірегінде өтеді:

Бірінші секцияда музей қорларын жинақтау және қалыптастыру, музейлік маңыздағы заттарды қорға сатып алу рәсімдері, мәдени құндылықтарды есепке алу және сақтау және т.б. мәселелер талқылау жоспарлануда.

Форумның екінші секциясында музей қызметінде (экспозициялық, қор қызметі, қызметті ақпараттық сүйемелдеу, экскурсия қызметі және т.б.) жаңа технологияларды қолданудың өзектілігі және ақпараттандыру мәселелері қаралады.

Үшінші секцияда музей ісі саласында қолданылатын мемлекеттік сатып алулар мәселелерін қарау көзделеді, оның қорытындысымен  Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде нақты ұсыныстар және т.б. қаралады.

Форум жұмысына қатысу үшін музейлер қызметкерлерін, ғалымдарды музей ісі мамандары мен сарапшыларды шақырамыз.

Форумға қатысу үшін 2017 жылғы 10 сәуірді қоса алғандағы мерзімге дейін қатысушының (1 Қосымшаға сәйкес) өтінімін жіберу қажет.

Баяндамалар мен тезистер тақырыптарын 2017 жылғы 20 сәуірге дейін  forum.museum2017@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет. Форум тақырыбына және талаптарына сәйкес келмейтін баяндамалар мәтіндері жинаққа енгізілмейді. Жинаққа мәтіндер авторлық редакцияда ұсынылады. Мазмұны мен жіберілген қателерге баяндама авторы жауап береді.

         Форумға қатысуға байланысты барлық шығындар (жол, қонақ үй, тамақтану) қатысушылар есебінен.

Форумның өтетін мерзімі: 2017 жылғы 12 мамыр.

Форумның ұйымдастыру комитеті: Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 54, тел. 8 (7172) 91 90 35 (іш.630)

 

ҚОСЫМША:

Баяндамалар мен сөйленетін сөздерді рәсімдеу ережесі

 

Мәтінді рәсімдеу

-                   Мәтіндік редактор, Microsoft Word.

-         Мәтіннің тілі: қазақша, орысша (басқа тілдерде редакциямен келісе отырып).

Беттің мөлшері (қағаз форматы – А4, «книжная» қарпімен.

Парақтың шеті: жоғарғы, төменгі, сол жағы, оң жағы – 2 см.

-         Қарпі - Times New Roman, қаріп кеглі – 14, таблицалар үшін -  10, сілтемелер үшін – 9.

-         Азат жол: бірінші жолдың басындағы бос жер - 1,0 см.

-         Жоларалық ашық жер – біреу.

Тасымалсыз.

 

Мәтіннің құрылымы

-         бір жақ шетінен кіші әріптермен –  автордың (авторлардың) тегі, аты және әкесінің аты;

-         бір аралықжол арқылы ғылыми дәрежесі (егер болса), лауазымы, ұйым, қала;

-         бір аралықжол арқылы ортасына бас әріптермен мақаланың атауы басылады;

-         мақала түйіндемесі (250-300 қаріптік белгі);

-         басты сөздер;

-         бір аралықжол арқылы азатты жолдан мақала мәтіні басылады;

-         баяндама көлемі 5-7 бет (сөз сөйлеу регламенті – 7-10 минут). (2 Қосымша).

 

 

1 Қосымша

 

«Музей қызметін инновациялық дамыту мен ақпараттандырудың өзекті мәселелері» атты республикалық форумға қатысушының өтінімі

 

2017 жылғы 12 мамыр, Астана

 

Қатысушының Т.А.Ә. (толық)

 

Азаматтығы

 

Толық пошта мекенжайы (облыс, қала, индекс, көше, үй)

 

Қатысушының жұмыс орнының толық атауы

 

Мәртебесі/ұйымдағы лауазымы 

 

Ұйымның сайты (егер болса)

 

Байланыс телефоны

 

Электрондық пошта мекенжайы

 

Баяндама тақырыбы (өз қалауымен)

 

Баяндама бағыты (секциясы)

 

Баяндамаға жасауға қажетті техникалық құрал-жабдықтар

 Проектор / Дыбыс жабдығы / ештеңе қажет емес

 

Өтінімде көрсетілген мәліметтердің шынайылығын растаймын және оларды автоматты өңдеуге беруге және сақтауға келісімімді беремін

Қолы_____________________ /__________________ / Аты-жөні

Күні

 

2 Қосымша

 

 

Құсайынов Мирас Серікұлы

Мәдениеттану докторы,

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет департаментінің директоры, Астана қ.

 

ЖАСТАРДЫҢ ТАРИХИ САНАСЫН ЖӘНЕ БІРТЕКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ МУЗЕЙЛЕРДІҢ РӨЛІ

 

Түйіндеме…

Басты сөздер: …; …; …

 

Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. [1, 12-б.]. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. [2, 35-б.]. Мақала мәтіні. Мақала мәтіні. 

5787 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper