Анонс


Мемориалдық музыкалық аспаптар тақырыбына арналған конференция өтеді

Жұма, 24 Ақпан 2017 13:43
Мемориалдық музыкалық аспаптар тақырыбына арналған конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Мемориалды музыкалық аспаптар: зерттелу, жиналу және насихатталу мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Конференция  2017 жылғы 27 қазан күні өтеді деп жоспарланған.

 Өзекті мәселе:

• Ғылыми-зерттеу, мемориалдық-музыкалық аспаптар

• Халықтық музыкалық шығармашылық, үрдістері мен даму мүмкіндіктері

• Халық музыкалық өнері, жұмыс істеу тиімділігі мен әр түрлі әдістерін насихаттау

• Музыкалық мұра, негізгі проблемаларды анықтау, жинақтау және тарату

Конференцияға қатысу түрі

Қатысу формасы – күндізгі. Күндізгі конференцияға қатысу көздейді – баяндамашының көпшілік алдында сөз сөйлеуі.

Конференция тілі – қазақ, орыс.

Барлық қатысушылар сертификат алады.

Қажетті құжаттар

Конференцияға қатысу үшін міндетті түрде электронды түрде:

- конференцияға қатысуға өтінім (1-қосымша);    

- мақалалар мәтіні (2-қосымша). 

Мақала – тек электронды пошта арқылы қабылданады.

Анықтама телефоны: 8(727) 291-63-16, мекен-жайы: imeniykhlasa@mail.ru

2017 жылдың 31 тамызына дейін

Конференцияға қатысушының өтініш үлгісі

Тегі

 

Аты

 

Әкесінің

 

Ғылыми дәрежесі

 

Ғылыми, академиялық атағы

 

Жұмыс орны

 

Лауазымы

 

Мекен-жайы

 

Үй телефоны

 

Қызметтік телефоны

 

Ұялы телефон

 

Электрондық пошта мекен-жайы

 

Конференция жұмысының бағыты

 

Мақаланың атауы

 

Мақаланың көлемі

 

Жіберу электронды мекен-жайы: imeniykhlasa@mail.ru, 31 тамызға дейін.

 

Баяндама мәтіні тексерілген болуы тиістігін ескерте отырып, мынадай талаптарды:

1. Файлдың аты мен жекелеген файлдар автордың фамилиясымен аталуы тиіс;

2. Көлемі - 5 беттен аспайтын, MS Word (*.doc немесе rtf), А4;

3. Барлық жиектері – 2 см. Шрифт: Times New Roman, KZ Times New Roman, кегль – 14, Жоларалық интервал – бір; азат жол: 1 см;

4. Кестелер, схемалар, суреттердің атауы және Windows-де терілген болуы тиіс

5. Алдымен баяндаманың аты жазылады: жоғарғы орта бөлігінде бас әріптермен, майлы шрифтпен жазылады; баяндаманың төмен жағында, ортасында майлы шрифтпен кіші әріптермен автордың аты-жөні (қысқартусыз); төмен жағында – ғылыми дәрежесі, лауазымы, мекеменің толық атауы, автордың жұмыс орны; төмен – e-mail; баяндама мәтіні азат жолдан кейін 1 интервалдан соң

6. Әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында беріледі. Мәтіндегі сілтемелер шаршы жақшада әдебиеттер тізімі және дереккөздерден алынған беті бойынша нөмірленеді, мысалы: [6, с. 2].

Ұйымдастыру комитеті баяндамаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады. Материалдар конференция тақырыбына сәйкес емес, талаптарға сәйкес ресімделмеген, сонымен қатар жоғарыда келтірілген талаптарды бұзған жағдайда қабылданбайды. 2017 жылдың 31 тамызынан кейін алынған материалдар қаралуға жатпайды.

 

 

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияны ұйымдастыру комитеті

2696 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper