Анонс


KAZMUSEUM.KZ сайты Тұңғыш Президент қорының сыйлығымен марапатталды (ФОТО)

Жексенбі, 06 Қараша 2016 03:41
KAZMUSEUM.KZ сайты  Тұңғыш Президент қорының сыйлығымен марапатталды (ФОТО) KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан музейлерін ақпараттық-әдістемелік қолдау мақсатында ашылған KAZMUSEUM.KZ сайты «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының» сыйлығымен марапатталды. Бұл туралы Астанада өткен салтанатты жиында хабарланды.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры мен Мемлекеттік тілді дамыту қоры байқауға ғаламтор кеңістігіндегі тәжірибесі кемінде бір жылды құрайтын,  тек қазақ тілінде ақпарат тарататын үкіметтік емес, тәуелсіз қоғамдық сайттарды қатыстырды. Қазылар алқасы сайттарды мазмұны, қызмет бағыты, интерактивтілігі, қазақ тілі мен ұлттық құндылықтардың дәріптелуі, патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі, көркемдік жағы, идея ерекшелігі, тартымдылығы секілді талаптар бойынша саралады.

Байқауға республиканың барлық аймақтарынан 40-тан астам өтінім түсіп, байқау комиссиясы 7 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтады.

«Терең ізденіс» — қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.kazmuseum.kz сайты жеңімпаз болып танылды.

Сондай-ақ, «Жастар әлемі» — жастар тақырыбына арналған  үздік сайт аталымы бойынша www.massaget.kz, «Спорт тынысы» — салауатты өмір салты мен спортты насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.dodasport.kz сайты, «Өткір тіл» — қазақ тілін және ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.qazaquni.kz порталы,  «Рухани азық» – қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттаушы үздік сайт аталымы бойынша www.qasym.kz порталы, «Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын үздік сайт аталымы бойынша www.tobyl-torgai.kz сайты, «Білім бұлағы» — білім беретін үздік сайт аталымы бойынша www.martebe.kz сайты, порталы жеңімпаз болып танылды.

Әрбір  номинация бойынша жеңімпаздарға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының  дипломдары мен ақшалай сыйлық тапсырылды.

7719 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper