Анонс


Алматыда архив қызметкерлеріне арналған арнайы конференция өтеді

Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2016 17:34
Алматыда архив қызметкерлеріне арналған арнайы конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен  «Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві» РММ 2016 жылдың 7-9 қырқүйегінде Алматы қаласында «Мемлекеттік архивтердегі ғылыми-техникалық құжаттамалар» атты  Халықаралық конференция және Республикалық семинар өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара   оқытуды мақсат тұтып, ТМД аумағындағы ең ірі бейіндік архив – Ресей мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві (Мәскеу қ.), оның филиалы  ( Самара қ.)  және Беларус мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архиві мамандарының қатысуымен өткізіледі. Сондай-ақ, семинарды ұйымдастыруға  «KAZGOR» жобалау академиясы, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ, «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» ЕЖШС қатысады. Арнайы құжаттамамен жұмыс жасау  бойынша Халықаралық конференция Қазақстанда алғаш рет, ал семинар –  30 жылдық үзілістен кейін өткізіліп отыр.

 

Конференция өтетін  жер: Алматы қ., Құрманғазы көшесі, 40, (Төлебаев к. қиылысы), Достық үйі

 

 Конференцияның ашылуы: 2016 жылдың   7 қырқүйегі,  сағат-10.00          

2255 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper