Анонс


ҚР Орталық мемлекеттік музейінде халықаралық конференция өтеді

Сейсенбі, 08 Наурыз 2016 04:09
ҚР Орталық мемлекеттік музейінде халықаралық конференция өтеді KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейі «Этнос, социум, мәдениет: VIIІ Оразбаев оқулары» атты ғылыми-тәжірибелік халықаралық конференциясын өткізеді, деп хабарлайды kazmuseum.kz тілшісі музейдің баспасөз қызметіне сілтеме жасп.

Конференция 2016 жылдың сәуір айының 1-2 күндері Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік музейінде өтеді.

Конференцияда төмендегі мәселелерді талқылау жоспарланып отыр:

  • Қазақстан және шекаралас елдердегі қазіргі кезеңдегі (постсоветтік) археология ғылымының дамуы: қорытындысы һәм болашағы
  • этнологияның тарихнамасы: негізгі бағыттары мен даму  и тенденциялары;
  • Қазақстан және шекаралас елдердің әлеуметтік-мәдени тарихының археология мен этнологияда зерттелуі;
  • археологиялық мен этнологиялық экспедиция материалдары: мұрағаттандыру және музейге тіркелу мәселелері;
  • музей коллекциясының археологиялық және этнографиялық деректілігі;
  • ескерткіштанудың археологиялық, этнологиялық және музеологиялық аспектілері;
  • археология, этнология және музейтанудың жоғарғы білім беру жүйесіндегі орны мен ролі: оқытудың жаңа стандарттары мен әдіс-тәсілдері;
  • музейдің ғылыми-білім кеңістігі: қазіргі кезеңдегі жай-күйі, институционалдық мүмкіндіктері мен болашағы;
  • ғылымдағы тұлға: Қазақстанның көрнекті археологтары мен этнологтары туралы;

Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.

Конференцияға қатысу шығындары жіберуші мекеме тарапынан төленеді.

Конференция материалдарын басып шығару жоспарлануда.

Конференцияға қатысу үшін 2015 жылдың  наурыз айының 15-не дейін ұйымдастыру комитетіне өтініш білдіру және баяндамалардың толық нұсқасын жіберу қажет.

Баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптар

Баяндамалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қабылданады, көлемі А-4 форматының 10 бетінен аспауы шарт. Үстіңгі, астыңғы жиектер – 2 см, оң жақ жиек – 2 см, сол жақ жиек – 3 см; шрифт – 14 кегль, Times New Roman гарнитурасында, мәтін аралық қашықтық 1,0 пт интервал. Беттің үстіңгі жағында қалыңдатылған әріппен автордың аты-жөні, оның астында оқу немесе жұмыс орны, дәрежесі, мекеменің орналасқан жері көрсетіледі. Содан бір аралықтан кейін бас әріптермен баяндаманың аты, одан бір аралықтан кейін мәтін берілуі керек.

Беттерге номер қойылмайды. Сілтемелер төртбұрышты жақша ішінде беріліп, онда әдебиет қолдану реті бойынша беріледі, беті көрсетіледі (мысал: [1, 25 б.]). Мақала соңында әдебиеттер қолдану реті бойынша орналастырылады. Библиографиялық сипаттамасы әдебиет туралы толық мағлұматты қамтуы шарт. Екі дана сызба түріндегі көрнекіліктер қабылданады. Көрнекіліктер jpg немесе tiff форматында, 300 dpi кем болуы шарт.

Материалдар ұқыпты тексерілген және баяндамаларды рәсімдеуге қойылатын талаптарға дәлме-дәл сәйкес болуы керек. Конференция тақырыбы мен баяндама рәсімдеудің талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар көрсетілген уақыттан кейін жіберілген материалдар Ұйымдастыру алқасының шешімімен жинаққа еңгізілмейді. Мақаланың мазмұндық сапасына автор жауап береді.

  Қатысу өтініші

  1. Аты-жөні (толығымен);
  2. ЖОО (факультет, бөлім) немесе ғылыми мекеменің аты (толығымен);
  3. Баяндама тақырыбы;
  4. Баяндама жасауға қажетті техникалық құрал жабдықтар;
  5. Байланыс мәліметтері (мекен-жай, телефон, е-mail)

 

Ұйымдастыру алқасының мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ГУК-3, 4-2 кабинет.

Өткізілетін іс-шараға байланысты туындайтын сұрақтар мен ұсыныс-тілектеріңізді төмендегі мағлұматтар арқылы хабарласып білдіре аласыздар:

 

Жұматаев Ринат Серикұлы

жұмыс тел.: +7 (727) 377 33 19;

моб. тел.: +7 705 965 44 96;

Е-mail: orazbayev-conference@mail.ru

 

Айткұл Хамит

жұмыс тел.: +7 (727) 264 23 90

моб. тел.: +7 701 350 36 45

Е-mail: сsmrk1986@mail.ru

 

 

3392 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper