Анонс


Облыстық музейлерге жаңа директорлар тағайындалды

Жұма, 12 Ақпан 2021 14:51
Облыстық музейлерге жаңа директорлар тағайындалды KAZMUSEUM.KZ -  

Қазақстандағы облыстық екі музейге жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды kazmuseum.kz сайты.

Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметіне Сұлтанбек Жанболатұлы Құдайберген тағайындалды.

Сұлтанбек Жанболатұлы 1978 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің тарих-филология факультетін «тарих мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын журналистика саласында бастап, жеке кәсіпте, мемлекеттік қызметте жалғастырған.

«Ерен еңбегі үшін» медалінің, «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің иегері.

«Баба сарын бабауы» Маңғыстау өнер шеберлері антологиясының, «Мақамы мәшһүр Маңғыстау» Маңғыстау өңірінің дәстүрлі музыкалық өнерінің сайты» жобасының, бірнеше кітаптардың авторы.

Музейге дейін Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының әдіскері қызметін атқарды.

- - - - - - - - - - - - - - - -

 

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры қызметіне Ақмарал Асанқызы Құдайбергенова тағайындалды.

Ақмарал Асанқызы 1985 жылы қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген.

Білімі – жоғары, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін «тарихи және география пәндерінің мұғалімі» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын білім саласында бастап, музей саласында жалғастырған.

«Мархабат музасы» кітабінің авторы.

Осы уақытқа дейін Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Ерлік» музейінің меңгерушісі қызметінде болды.  

 

ФОТО: ашық дереккөздерден алынды. Басты суретте: Ұлттық музей (көрнекі мақсатта). 

2306 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper