Istanbul Modern музейі үздіктердің қатарынан көрінді

Дүйсенбі, 13 Шілде 2015 13:33
Istanbul Modern музейі үздіктердің қатарынан көрінді KAZMUSEUM.KZ -  

Атақты Istanbul Modern музейі  саяхатшыларға арналған TripAdvisor порталының  5 жылда бір рет берілетін  «үздіктер сертификаты» сыйлығымен марапатталды. 

Аталмыш марапат портал тұтынушыларының берген бағасының қорытындысы бойынша беріледі. Бұған дейін де Istanbul Modern музейі TripAdvisor порталының қолданушыларының нәтижесінде басқа да номинацияларды иемденген. 2013-2014 жылдары «саяхатшы таңдауы», 2012 жылы музей жанындағы мейрамхана Стамбулдағы ең үздік 25 мекеме атты беделді сыйлықтарды алды.

 Istanbul Modern заманауи өнер музейі 2004 жылда жұмысын бастаған. Музей экспозициялары (сурет және көркем сурет галереясы, мүсіндер, заманауи авторлық кинемотография залы) Босфор бұғазы жағасындағы, 8 мың шаршы метр жерді алатын  қайта құрылған ескі  кемежай қоймасында орналасқан.

Алтын ЗАЙНУЛЛИНА,

ҚР Ұлттық музейінің ғылыми қызметкері

 
1024 рет оқылды
comments powered by HyperComments
JoomShaper